Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Компаниялар мен банктер

Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді - Ұлттық банк 27 тамыз 2022, 10:49

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы инфляция базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдану жағдайында ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы инфляция базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдану жағдайында ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфляция, біздің болжамдарымыз бойынша, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдер, контрциклдік фискалдық ережені жоспарлы түрде жүзеге асыру, сыртқы инфляциялық қысымды кезең-кезеңмен төмендету аясында 2023 жылдың аяғына қарай ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді", ​​- деді Баймағамбетов Үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық банкте кезекті болжам жасау раунды өтіп жатыр, оның қорытындысы биыл 5 қыркүйекте жарияланады.

Орта мерзімді перспективада жаңа сілкіністер болмаған жағдайда инфляция 2024 жылдың аяғына қарай мақсатты дәлізге жақындайды, деп қосты Баймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті