16 наурыз 2015 15:46

Қазақстанда бүлінген ақшаны қабылдаудан бас тартқандар жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©trend.az ©trend.az

Қазақстанда ескі және бүлінген банкноттарды қабылдаудан бас тартқан сауда орындарына әкімшілік жаза қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына сілтеме жасап.


Қазақстанда ескі және бүлінген банкноттарды қабылдаудан бас тартқан сауда орындарына әкімшілік жаза қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына сілтеме жасап.

Ұлттық қордың мәліметінше, соңғы кездері ескірген және бүлінген банкноттарды қабылдаудан бас тартқан сауда орындарына қатысты түсінік беру жайлы өтініштердің келіп түсуі тым жиілеген. Осыған қатысты ұлттық қордың мамандары Ұлттық банк басқармасының 2003 жылы 26 желтоқсанда бекіткен №477 қаулысындағы ережелерді есте сақтау керегін айтады.

Ереже бойынша, төлем банкноттарына заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоймаған, шынайылығына күмән тудырмайтын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 70 пайыздан кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін (жазбаша немесе сандық) сақтаған және елеусіз зақымдары бар (егер олар банкноттардың шынайылығын анықтауға кедергі келтірмесе), оның ішінде тозған банкноттар жатады.

"Қазақстан Республикасының банкноттары мен монеталарында егер қолдан жасалу белгілері болса, техникалық талаптарға сай келмейтін, ақауы бар банкноттар мен монеталар, ақша айналымынан алынып тасталған және өшірілген банкноттар мен беті кедір-бұдыр монеталар, "ОБРАЗЕЦ", SPECIMEN, "ҮЛГІ" жазуы бар банкноттар жарамсыз болып есептеледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының аумағында заңды ақша айналымындағы ұлттық валютадағы банкноттар мен монеталарды көрсетілген құны бойынша қабылдаудан бас тартқандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 206-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылады және 10-25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети