Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ескі банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды © Tengrinews.kz

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартты. Банкноттарды айырбастау жеке тұлғалар үшін 2021 жылғы 1 ақпанға дейін жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықтан өтініш түскен соң біз осындай шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, көбіне зейнет жасындағы қарт адамдар қандай да бір себептермен ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Айта кетейік, банкноттарды айырбастау тек Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.

Еске салайық, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау 4 жыл бойы - 2016 жылдың 4 қазаннан 2020 жылдың 5 қазаны аралығында жүргізілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети