Қазақстанда Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасалған Фото ©Tengrinews.kz

Тонаушылар Қазақстан бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесін қиратқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тонаушылар Қазақстан бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесін қиратқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зақымданған Kaspi.kz бөлімшелері уақытша жабылған.

"Полиция бүлінген ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрады. Ол жерден саусақ іздері алынып, оқиға орны тексеріледі. Сондықтан бүлінген құрылғыларды әлі алған жоқпыз. Тергеу аяқталғаннан кейін бірден жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - делінген банк хабарламасында.

Бұл ретте банк қанша банкомат бүлінгенін нақты айта алмады. Қазақстан бойынша 1 990 банкомат бар, оның 1 435-іне байланыс бар.

"435 банкоматты адамдар қолданып, қолма-қол ақша ала алады. Қалған 555 банкомат жабық ғиамарт ішінде, әлі ашылмаған бөлімшелерде тұрған банкоматтар. Сондықтан, олар әзірше есепке алынбаған. Қазіргі мақсат техникалық және физикалық мүмкіндігі бар банкоматтарды толтыру. Бұл - маңызды", - деді банк өкілі. 

10 қаңтарда интернет желісі іске қосылған, инкассация жұмысына кедергі жоқ жекелеген қалаларда Kaspi.kz бөлімшелері ашылды. Барлығы 10 қалада 22 бөлімше жұмыс жасап тұр:

  • Нұр-Сұлтан - 4,
  • Көкшетау - 1,
  • Петропавл - 2,
  • Орал - 2,
  • Құлсары - 2,
  • Қостанай - 3,
  • Қарағанды - 3,
  • Жезказған - 2,
  • Сәтбаев - 1,
  • Атырау - 3. 

Бөлімшелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ондағы ақша айырбастау орындары уақытша жабық. Алматыда жағдай тұрақталғанға дейін бөлімшелер жабық болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети