Қазақстанда микронесие беру ережелері өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда микронесие беру ережелері өзгерді

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының қызметіне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының қызметіне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік басқармасының 2020 жылғы 19 қазанындағы № 102 қаулысына сәйкес жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленеді. 

"Микроқаржы ұйымы икрокредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей ол туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен МҚҰ-ға жүгінуге құқылы. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша нысанда қабылданған шешім туралы хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған және/немесе қарыз алушымен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы", - дейді агенттік өкілдері.

Жаңа қағидаларға сәйкес, шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

Толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети