Қасым-Жомарт Тоқаев Банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Жаңа құжат арқылы инвестициялар қауіпсіздігін бақылаудың тәртібі реттелмек. Елімізде корейлік BNK Finance Kazakhstan микро-қаржы ұйымы бар. Мен оны екінші деңгейдегі банкке айналдыру туралы шешімді қолдаймын", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің айтуынша, тараптар ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастықты ұдайы нығайтып келеді.
"Қазіргі таңда Кореяның жоғары оқу орындарында мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бұған кореялық әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Елдеріміз ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты дамыта түсуге келісті. Осыған орай Түркістанда Кореяның Усонг университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталады", – деді Президент.
Сонымен қатар келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге айрықша назар аударылды.
"Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасының өз тілін сақтап, дамытуына қолдау көрсетіледі. Осы мақсатпен екі ел аумағында тұрақты түрде мәдени шаралар өткізуге уағдаластық. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады. Таяу арада Астана – Сеул бағытында тікелей рейс ашылады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетіні сөзсіз", – деді Қазақстан Президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!