Қазақстанда ТЖ кезінде несие бойынша айыппұл мен өсімпұлға тыйым салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бизнесті қолдау үшін төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұл мен өсімпұлға тыйым салынды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бизнесті қолдау үшін төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұл мен өсімпұлға тыйым салынды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықты және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың 11 қаңтарында агенттік төтенше жағдай енгізілуіне байланысты зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар несиесі бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы бұйрық қабылдады. Төтенше жағдай кезеңінде несие төлемі кешіктірілген жағдайда айыппұл мен өсімпұл есептеуге тыйым салынып, талап қою жұмыстары тоқтатылды", - деді Әбілқасымова Үкімет отырысында.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы өз сөзінде "Тұтынушылық несиелендіруді реттеу бойынша нақты және шұғыл шараларды" қабылдау жоспарын жариялады.

"Біріншіден, банктерді пруденциалдық реттеу шеңберінде жеке тұлғалар кредиті бойынша тәуекел-өлшеуді ұлғайту жолымен банктердің меншікті капиталы жеткіліктілігіне қойылатын талаптар артады.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарын тәуекелге негізделген қадағалау шеңберінде тәуекелі жоғары несиелерге қосымша шектеулер енгізу де қарастырылады. Нәтижесінде төлем қабілеті жеткіліксіз қарыз алушыларға несие беруді шектеу үшін банктер тәуекелі төмендейді", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, екіншіден, Үкімет әзірлеп жатқан жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы тетігі аясында жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы, оның ішінде коллекторларға өндіріп алуға берілген кредиттері бойынша проблемалық берешекті реттеу бойынша шаралар қабылданады.

"Үшіншіден, агенттік жеке тұлғаларға берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін олардың шекті мәндерін төмендету арқылы реттеуді, сондай-ақ несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемелерін, кез келген комиссияларды және несиелер бойынша төлемдерді есептеу кезінде қосымша қатайтады.

Бұл жаңадан берілген несиелер бойынша халықтың қарыз жүктемесінің өсуін шектейді. Екіншіден, Мемлекет басшысының елден капиталды негізсіз шығаруды шектеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп трансшекаралық қаржы операцияларын бақылау шараларын күшейту жөнінде бірлескен бұйрық қабылдады", - деп түйіндеді агенттік басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro