Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда цифрлық валюта енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы ұйымының мәліметінше, Ұлттық Банк мамандары Халықаралық есеп айырысу банкімен және Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, цифрлық валютаны реттеу тәсілдерін зерделей бастады.

"Қазақстан Ұлттық Банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық Одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады.

Қазір әртүрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдері ескерілетін Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізудің әр түрлі сценарийіне арналған баяндама әзірленіп жатыр. Баяндама 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады.

Бұдан кейін құжат мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, нарық қатысушыларымен және сарапшылармен талқыға түсіп, содан кейін Қазақстан Республикасында орталық банктің цифрлық валютасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады", - дейді банктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети