Фото Марат Абилов©
"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниялары "еншісін" алмақшы. "Бұған үкіметтің өзі мүдделі" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Сөйтіп оларды бәсекеге қабілетті ортаға салмақшы. "Бүгінгі күні үкіметте кең көлемді жекешелендірудің арнайы бағдарламасы жасалып жатыр. Сөйтіп үкіметтің көптеген активтерін жекеге бермекшіміз. "ҚазМұнайГаз" компаниясының барлық құрылымдарын қарастырып шықтық. Нәтижесінде аутсорсинг жүргізу керектігі белгілі болды. Қазір жақсы ұсыныстар түсуде. Сөйтіп, аталмыш "ҚазМұнайГаздың" еншілес компанияларының бәсекеге қабілетті ортада бағын сынап көргені жөн деп таптық". Айта кетейік, С.Ахметов мұндай көпшілікті елең еткізген мәлімдемесін "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының өткен жылғы жұмыс қорытындысы тыңдалған алқа отырысында жария еткен болатын. Премьер, сондай-ақ, ҚТЖ Ұлттық компаниясын да осындай өзгеріс күтіп тұрғынын ескертті. "Компания бүгінгі күні активтердің құрылымын басқаруда біраз қиындықтарға тап келіп отыр. Ал еншілес ұйымдары 100-ден асып кеткен. Ұлттық компанияның ішкі жұмыс ахуалының нақтылығы аса маңызды. Бұл - компанияның стартегиялық мақсатын айқындаудың және халықаралық тәжірибеге бейімділігінің кепілі" - деді ол. Қазақстанның министрлер кабинетінің басшысы ҚТЖ мен "Самұрық-Қазына" қорына ҚР Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, жекешелендіру мәселесін талқылау қажеттігін атап өтті, яғни салалық емес активтерді біртіндеп таратудың жолдарын қарастыруды ұсынды.
"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниялары "еншісін" алмақшы. "Бұған үкіметтің өзі мүдделі" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Сөйтіп оларды бәсекеге қабілетті ортаға салмақшы.
"Бүгінгі күні үкіметте кең көлемді жекешелендірудің арнайы бағдарламасы жасалып жатыр. Сөйтіп үкіметтің көптеген активтерін жекеге бермекшіміз. "ҚазМұнайГаз" компаниясының барлық құрылымдарын қарастырып шықтық. Нәтижесінде аутсорсинг жүргізу керектігі белгілі болды. Қазір жақсы ұсыныстар түсуде. Сөйтіп, аталмыш "ҚазМұнайГаздың" еншілес компанияларының бәсекеге қабілетті ортада бағын сынап көргені жөн деп таптық".
Айта кетейік, С.Ахметов мұндай көпшілікті елең еткізген мәлімдемесін "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының өткен жылғы жұмыс қорытындысы тыңдалған алқа отырысында жария еткен болатын.
Премьер, сондай-ақ, ҚТЖ Ұлттық компаниясын да осындай өзгеріс күтіп тұрғынын ескертті. "Компания бүгінгі күні активтердің құрылымын басқаруда біраз қиындықтарға тап келіп отыр. Ал еншілес ұйымдары 100-ден асып кеткен. Ұлттық компанияның ішкі жұмыс ахуалының нақтылығы аса маңызды. Бұл - компанияның стартегиялық мақсатын айқындаудың және халықаралық тәжірибеге бейімділігінің кепілі" - деді ол.
Қазақстанның министрлер кабинетінің басшысы ҚТЖ мен "Самұрық-Қазына" қорына ҚР Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, жекешелендіру мәселесін талқылау қажеттігін атап өтті, яғни салалық емес активтерді біртіндеп таратудың жолдарын қарастыруды ұсынды.