17 сәуір 2014 | 13:59

Қазақстандағы банктердің көлемі екі есеге қысқартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  www.primeminister.kz Фото www.primeminister.kz

 2020 жылға дейін елдегі банктердің көлемі екі есеге дейін қысқартылады.  Бұл туралы елдің бас банкирі Қайрат Келімбетов мәлімдеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.


 2020 жылға дейін елдегі банктердің көлемі екі есеге дейін қысқартылады.  Бұл туралы елдің бас банкирі Қайрат Келімбетов мәлімдеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баспасөз мәслихатында осылай деген Ұлттық банк төрағасы 2020 жылы елімізде ірі қаржы корпорациясының филалдары жұмыс істейтінін айта келе "Қазір бізде 38 банк бар. Олардың көбісінің капиталы төмен. Бұл банктер күні ертең бәсекеге төтеп бере алмайды" деді.

Бұған қоса ол бес жылдық межеде банктерге жаппай жаңа талаптар қойылатынын да сөз етті.

"Біздің қояр талаптарымыздың бастысы банктердің ең төменгі капиталы 100 млрд. теңгені құрауы керек. Осылайша біз салмақты талаптар қою арқылы елдегі 38 банктің жиынтығын 15-20 банкке дейін қалдыруымыз мүмкін. Бұл біздің бәсекеге қабілеттілігі төмен банктерді жабуға емес, керісінше, олардың бәсекелестік қабілеттін арттыруға ұмтылып отырғанымызды, көрсетеді" деді ол.

Сондай-ақ, бас банкир қазірде "Қазкомерцбанк" пен БТА банкінің қосылу процесін бақылап отырғандықтарын, бұл үрдістің жыл соңына дейін жалғасатынын да мәлім етті. Бұл ретте ол бір инвесторға тиесілі Темірбанк, Альянс банк және Forte банктері де капиталын біріктіріп, қосылатындықтарын қоса айтты. Бұған қатысты  Келімбетов: елдегі ірілі-ұсақты банктердің басын біріктіріп, капиталды қомақты ету арқылы бәскелестікті нығайтуға болатынын, сол арқылы өзге елдің банктерімен әріптестік орнатып, қарым-қатынасты нығайтуға болатынын алға тартып отыр.
Айта кету керек, бас банкир 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктердегі "жағымсыз" активтердің көрсеткіші 10-15 пайыздан аспауы керектігін баса айтты.
Қайрат Келімбетов бұған қатысты "өздерінің "жағымсыз" активтерінен арылып,   оң көрсеткішке қол жеткізген банктерге ғана мемлекеттік қолдау көрсетіледі" деді.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети