Қазақстандағы ұлттық компаниялар банктерден несие алуды жалғастырып жатыр. Олардың қарызы бір жыл ішінде бес есеге өсті, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстандағы ұлттық компаниялар банктерден несие алуды жалғастырып жатыр. Олардың қарызы бір жыл ішінде бес есеге өсті, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Портал сарапшыларының мәліметінше, 2015 жылдың алғашқы алты айында ұлттық компаниялардың банктерге қарызы рекордты деңгейге, яғни 2,3 триллион теңгеге жеткен. Екінші тоқсанда қарыз 503,3 миллиард теңгеге, яғни 24 пайызға өсті.
Сарапшылар ұлттық компаниялардың банктерден белсенді түрде несие алуы шамамен бір жыл бұрын, яғни 2014 жылдың екінші тоқсанынан басталғанын айтып отыр. Олардың айтуынша, 2014 жылдың екінші тоқсанында компаниялардың банктерге қарызы 2,3 есеге өссе, келесі кезеңде 4,4 есеге дейін өскен.
Мамандар компаниялардың қарызы несие құрылымында банктерге 68 пайыз үлеске ие бола отырып, басымдық береді деп есептейді. Олар ұлттық компаниялардың қаржы статистикасында банк несиесі бойынша қарыздарының көрсетілмейтінін айтты.