Қазақстандық Альфа-Банктен санкциялар алып тасталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Альфа-Банктен санкциялар алып тасталды

АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Альфа-Банктің Қазақстандағы еншілес ұйымына қарсы санкцияларды алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Альфа-Банктің Қазақстандағы еншілес ұйымына қарсы санкцияларды алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарлама 14 шілдеде АҚШ Қаржы министрлігі сайтында жарияланды.

Бұған дейін "Альфа-Банк Қазақстан" АҚШ санкциясына ұшыраған болатын, соған байланысты банктің жекелеген қызметтеріне, қолма-қол ақшаны алу мен аударуға шектеулер енгізілген еді.

7 сәуірде банк хабарлама жариялап, доллар мен еуродағы аударымдарды тоқтату, Visa және MasterCard карталарын өз желісінен тыс қолдануды тоқтату, қолма-қол ақша алу мен аударуға тәулігіне екі миллион теңге мөлшерінде шектеулер енгізілгені, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға несие беруді тоқтата тұру туралы хабарлады.

Еске салайық, мамырда "Банк ЦентрКредит" Ресейге қарсы санкцияларға ұшыраған Альфа-Банк Қазақстанды сатып алу келісімін жасады.

Альфа-Банк Қазақстан атауы өзгерді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети