11 ақпан 2015 | 13:12

Қазақстандық компанияларға басқа нарық іздеуге тапсырма берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©missionverdad.com ©missionverdad.com

Ресеймен шекаралас аймақтарға өнімдерін өткізетін жаңа нарық іздеу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ресеймен шекаралас аймақтарға өнімдерін өткізетін жаңа нарық іздеу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың баяндамасынан кейін Мемлекет басшысы Ресеймен көршілес болғандықтан туындаған жағдайдан соң бір тұжырымға келу керегін айтты. 

"Өнеркәсіп кәсіпорындары қазір ресейлік конъюнктураны сезініп отыр ғой, иә? Қандай тұжырымға келді? Біріншіден, әртараптандыру керек, екіншіден, басқа нарық іздеу қажет. Онан ары Қытай бар. Әсет, осыны ескеру керек", - деді Назарбаев Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке.

"Дамыта түсеміз, көбірек сатуға болатын жаққа көбірек тауар жеткізу қажет. Бұл болашақ үшін жақсы тренинг болады, барлығы ойлануы тиіс. Кез келген жаманның артында жақсылық болуы керек", - деді Назарбаев аймақ басшыларына қарап.

Бозымбаев барлық кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілікті сақтап қалу үшін өнімді өткізетін жаңа нарықты іздеуге тапсырма берілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі кәсіпорындарда жұмыс орындары сақталатыны туралы да айтып өтті. 

Еске сала кетейік, рубль бағамының төмендеуіне байланысты қазақстандықтар тауарды Ресейден жаппай сатып алуға кірісті, осыған байланысты көптеген қазақстандық кәсіпорын шығынға батты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети