2019 жылдың басында қазақстандықтардың қаржы институттары алдындағы жиынтық несие қарызы 6 триллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Ranking.kz. Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.
2019 жылдың басында қазақстандықтардың қаржы институттары алдындағы жиынтық несие қарызы 6 триллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Ranking.kz. Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.
Тұтынушылар тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиелер зор сұранысқа ие: 49,7 пайыздан 54,1 пайызға дейін өскен. Тағы бір үрдіс - онлайн-несиелендірудің қарқынды өсуі. Бұл сегментке қарыздардың 2,5 пайызы келеді, бұл 2017 жылға қарағанда 0,8 есеге көп. Нарықтағы орташа мөлшерлеме күніне - 0,21 пайыз, жоғары мерзім - 21-ден 90 күнге дейін, ең жоғары сома - 300 мың теңге.
Онлайн несие беруді банктер де ұсынады. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер беретін 18 екінші деңгейдегі банктердің ішінде онлайн-қарызды төрт банк беруге дайын: Altyn Bank, Capital Bank (Алматы және Астана үшін), Kaspi Bank және Сбербанк. Қалған банктерде онлайн тек несиені мақұлдау үшін алдын ала өтінім беруге болады. Онлайн-қарыздар бойынша ең төменгі тиімді мөлшерлемені Kaspi Bank (23,6 пайыздан), Сбербанк (26,1 пайыздан) және Capital Bank (33,2 пайыздан) ұсынады. Altyn Bank жылдық 19 пайыздан тек базалық мөлшерлемені көрсетеді.
Шағын несие беру үлесі де өскен: 5,2 пайыз болды, бұрын 4,6 пайыз еді. Екінші деңгейлі банктердің үлес салмағы керісінше 93,2 пайыздан 92,2 пайызға дейін азайды.