Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанның бірнеше банкі ипотеканы теңгемен беруді тоқтатты

18 Желтоқсан 2014, 21:14
0
Тengrinews.kz иллюстрациясы
Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанның бірқатар банкі теңгемен ипотека беруді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ипотекалық несиенің тоқталуын қазақстандық банктер қарызға беру шарттарын қайта қараумен байланысты деп түсіндіріп отыр.

Қазақстандық банктердің call-орталығы мәліметтері бойынша қазір үш банк ипотека бермейді, олар: Kaspi Bank, Қазкоммерцбанк пен Темiрбанк. Қазком call-орталығының хабарлауынша, ипотека доллармен беріледі, себебі қазір теңгенің пайыздық мөлшерлемесі қайта қаралып жатыр. Бірақ Қазкомның баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, айтуларынша, теңгемен ипотека беру жүйесі тоқталған жоқ. 

Ал Kaspi Bank банк өз шарттарына байланысты ипотеканы теңгемен де, доллармен де бермейді. Себебі ипотекалық несие деген өнім банкте 2008 жылдан бері жоқ. Темірбанк қазіргі таңда теңгемен де, доллармен де ипотекалық несие беру арыздарын қабылдамайды, себебі бұл банкпен Альянс банк және Forte Bank біріктіріліп жатыр. Банк тек тұтынушылық мақсатта үш миллион теңгеге дейін несие бере алады.

Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары дәрежелі банктері арасында теңгемен және доллармен тек Банк Центр Кредит, Альянс банк және Bank RBK ғана ипотекалық несие береді. Қалған банктер: Еуразиялық банк, Тұрғын үй жинақ банкі, АТФ банк пен Нұрбанк ипотеканы тек теңгемен береді. Ал Kassa Nova Bank ипотеканы тек доллармен береді.

Айта кетейік, қазір қазақстандық банктерде кепілсіз тұтыну несиелері бұрынғы шарттар бойынша беріледі. Бірақ кейбірі тұтыну несиесін доллармен береді. Сонымен қатар ресейлік банктердің ішінде теңгемен ипотека беруді Сбербанк қана тоқтатты, олар мұны қарыз беру шарттарын қайта қараумен түсіндіріп отыр. Сбербанк мамандарының мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың тұрақсыздығына байланысты Сбербанк несиелік өнімінің шарттарын қайта қарап жатыр. Бірақ бұған дейін бекітілген ипотекалық несиенің барлығы белгіленген мерзімінде берілетін болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай