19 мамыр 2019 | 11:06

Қазатомөнеркәсіп бірнеше ЖШС-ның жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесінің 75 пайызын сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazatomprom.kz​ © kazatomprom.kz​

Қазатомөнеркәсіп Astana Solar, Kazakhstan Solar Silicon және МК KazSilicon ЖШС-терінің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесінің 75 пайызын сатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазатомөнеркәсіп Astana Solar, Kazakhstan Solar Silicon және МК KazSilicon ЖШС-терінің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесінің 75 пайызын сатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. 

Астана экономикалық форумы аясында Astana Solar ЖШС, "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС және "KazSilicon" МК" ЖШС (KazPV жобасы) жарғылық капиталдарындағы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 75 пайыз қатысу үлесі - шоғырландырылған пакетті сатып алу - сату шартына қол қойылды. Ресми қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бейінді емес еншілес және тәуелді ұйымдарын іске асыру Қазақстан Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. KazPV жобасының кәсіпорындарын сату "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелеріне сәйкес жүргізілді. Келісім-шартқа сәйкес жаңа инвестор кәсіпорындар қызметінің бейінін, қызметкерлердің штаттық саны мен ағымдағы жалақы деңгейін сақтауға, компанияның қолданыстағы шарттарын орындауға міндеттенеді. Сондай-ақ, мәміле шарттары бойынша үш жыл өткеннен кейін Консорциум Astana Solar ЖШС, "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС және "KazSilicon" МК" ЖШС жарғылық капиталдарындағы қалған 25 пайыз қатысу үлесін сатып алады.

Халықаралық консорциум Алматы облысының Сарыкөл кен орнындағы аса таза кварцты пайдалана отырып, сатып алынатын кәсіпорындарды қайта іске қосуға және Қазақстанда күн элементтерін шығаруға ниетті. Консорциумның стратегиялық әріптесі - CEQ NS (ҚХР) көмегімен отандық фотоэлектрлік модульдер Қазақстанда және көршілес елдерде күн станцияларын салу кезінде пайдаланылатын болады.

KazPV жобасының қызметі:

"Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС - фотоэлектрлік модульдерді жасау үшін қолданылатын күн тазалығындағы кремнийден фотоэлектрлік ұяшықтар өндірісі. 
"Astana Solar" ЖШС - күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру үшін қолданылатын фотоэлектрлік модульдер өндірісі. 
"KazSilicon" МК" ЖШС - металлургиялық кремний өндірісі, құрамында 98,5 -99,5 пайыз кремний қостотығы бар талшықты кварцты өндіру және өңдеу.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети