16 мамыр 2019 14:53

Қазатомөнеркәсіп испаниялық атом-энергетикалық компаниямен келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 7kun.kz © 7kun.kz

Қазатомөнеркәсіп инвесторлармен кездесіп, уран өнімін жеткізіп беру жөнінде испаниялық атом-энергетикалық компаниясымен келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.


Қазатомөнеркәсіп инвесторлармен кездесіп, уран өнімін жеткізіп беру жөнінде испаниялық атом-энергетикалық компаниясымен келісімге қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 14-16 мамырда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның делегациясы Барселона қаласында (Испания) өткен BAML Global Metals, Mining & Steel Conference халықаралық конференциясына қатысып, қазіргі акционерлерімен және әлеуетті халықаралық институционалдық инвесторлармен кездесулер өткізді. Шара аясында Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов инвесторларды Компания қызметінің көрсеткіштерімен және стратегиясымен таныстырды. Панельдік сессия барысында Қазатомөнеркәсіптің Стратегия және маркетинг жөніндегі бас директоры Риаз Ризви уран нарығының ағымдағы нарықтық жағдайы туралы хабарлады.

Бұдан бөлек, Қазатомөнеркәсіп АЭС-ке арналған отын сатып алуға, өндіруге және тасымалдауға маманданған Испанияның ENUSA INDUSTRIAS AVANZADAS, S.A., S.M.E. мемлекеттік компаниясымен уран өнімін жеткізу жөніндегі келісімге қол жеткізді. Бұл келісім атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қазақстан-испан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие.

Осылайша, Қазатомөнеркәсіп өз келісімшарттар қоржынының географиясын кеңейтуді жалғастырып, уран өнімдерін өткізудің жаңа нарығына шығады. Айта кету керек, бұл 2018 жылы Швеция және Бразилия компанияларымен болған алғашқы коммерциялық келісімдер қатарында испаниялық атом-энергетикалық компаниясымен жасалған алғашқы келісім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети