23 мамыр 2017 | 14:44

Казинвестбанк Альфа банкке БЖЗҚ-ның 11 миллиард теңгелік депозиттері мен активтерін берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ашық дереккөздерден алынған сурет © Ашық дереккөздерден алынған сурет

Казинвестбанк Альфа банкке БЖЗҚ-ның 11 миллиард теңгелік депозиттері мен активтерін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің сыртқы коммуникациялар бөліміне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Казинвестбанк Альфа банкке БЖЗҚ-ның 11 миллиард теңгелік депозиттері мен активтерін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің сыртқы коммуникациялар бөліміне сілтеме жасап.

"Қазинвестбанк" акционерлік қоғамының уақытша әкімшілігі (бұдан әрі  - Банк) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 612-бабының 1-тармағына сәйкес, депозиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Банктің активтері мен міндеттемелерін "Альфа Банк" еншілес банкі" АҚ-қа (бұдан әрі - Альфа Банк) өткізу жөніндегі операцияны жүргізді", - делінген хабарламада.

2017 жылдың 19 мамырында Альфа Банкпен банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде өткізу туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) жасалуы сол жұмыстың нәтижесі болды. Банк клиенттерінің салымдарын сақтаудың бұл тетігі Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Мәселен, "Қазинвестбанк" АҚ-ты 2016 жылғы 26 желтоқсанда банктік және өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған сәттен бастап банктің қаржылық жай-күйіне кең көлемдегі әрі жан-жақты талдау жүргізіліп, өтімді және өтімсіз активтер тізбесі анықталды.  Шартқа сәйкес, Альфа Банкке 2017 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері, депозиттерінің бір бөлігін Альфа Банкке өткізу талаптарымен келіскен заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемелерінің бір бөлігі, сондай-ақ банк активтерінің бір бөлігі өткізілді.

Банктің уақытша әкімшілігінің басшысы Джемма Зинуллина айтуынша, бұл мәміленің бұрын-соңды болмаған сипаты бірқатар ерекшеліктерге байланысты. Біріншіден, оның айтуынша, жеке тұлғалардың жалпы сомасы шамамен 7,8 миллиард теңге (19.05.2017 жылғы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғаларының барлық депозиттерінің 100 пайызы) депозиттерін, яғни, оның ішінде, сомасы ҚДКҚ кепілдік берген сомадан асатын депозиттерді беру операцияның артықшылығы болып табылады. Заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты айтсақ, операция шегінде заңды тұлғалар салымдарының бір бөлігін өткізу де болжанып отыр", - деп нақтылады банктің уақытша әкімшілігінің басшысы Джемма Зинуллина.

Екіншіден, жеке тұлғалардың депозиттерін өткізу ҚДКҚ-ның қаражатты өтеу жөніндегі міндеттемесін болдырмады және тиісінше ҚДКҚ-ның қаражаты сақталып қалды, -  деп сөзін жалғастырды Зинуллина. -Үшіншіден, БЖЗҚ-ның есептелген сыйақыны қоса есептегенде 3 миллиард теңгеден асатын сомадағы зейнетақы активтерін толық көлемде өткізу маңызды болып табылады".

Альфа Банк өкілдері өз кезегінде "Банктің уақытша әкімшілігімен келісім бойынша Альфа Банк Банк активтерінің шамамен 14 пайызын алады" деп хабарлады. Олардың айтуынша, бұл мәмілеге қатысудың негізгі себебі Банкте ақшалары қалған кейбір корпоративтік клиенттерге көмектесу болған.

"Альфа Банк жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелерді толық көлемде ешқандай шектеулерсіз қабылдады - аталған қаражатты банктегі қолданыстағы депозиттерге орналастыруға болады немесе тек тиісті өтінішке қол қоя отырып,біздің кез келген бөлімшелерімізден мәміле жасалған күннен кейінгі келесі күні алуға болады.Банктегі сапалы активтер жеке тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру үшін ғана жеткілікті болуына байланысты, біз басқа депозиторларға өз қаражаттарының қайтарымдылығын банк іріктеген активтермен байланыстыруды ұсынуға мәжбүр болдық - банк бұл жағынан келгенде балансқа қабылдаған қарыздарды өтеуіне қарай қаражатты босататын болады, - деп атап өтті Альфа Банк өкілдері. - Алынған қаражат біздің ұсынысымызды қабылдаған және көрсетілген қарыздар бойынша кепіл беруші болған компаниялар арасында бөлінетін болады. Жалпы бұл ұсыныспен 100-ден астам заңды тұлға келісті, олардың салымдары заңды тұлғалар тарапынан Банкке қойылатын талаптардың жалпы көлемінің шамамен 60 пайызын құрайды. Біздің пікірімізше, аталған факт Банктің ұстанымын салымшылар түсінгендігін және өз қаражатының тым болмағанда бір бөлігін қайтарудың неғұрлым тиімді тәсілі ретінде танығандығын білдіреді".

Барлық қосымша сұрақ бойынша Банктің Уақытша әкімшілігіне мына телефондар арқылы: +7 (727) 261 90 60, 330 00 55 (ішкі: 5063, 5007), Альфа-Банктің тегін қоңыраулар бойынша колл-орталығына мына телефон арқылы: 8-8000-8000-75 не 2051 (мобильді телефон арқылы қоңыраулар үшін), Ұлттық Банктің Банктерді қадағалау департаментіне мына телефон арқылы: +7 (7272) 704 893, 704 654, сондай-ақ Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына мына телефон арқылы: +7 (7272) 788 084 хабарласуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети