Иллюстрация ©kaz.tengrinews.kz
"Қазком" мен "SAT Company" директорлар кеңесінің төрағасы, бизнесмен Кеңес Рақышев "Самұрық-Қазына" қорынан "БТА" банкінің акцияларын сатып алу туралы келісімдерді аяқтады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мәлім болғандай "Қазком" мен Рақышевтің қолына банк акциялары бірдей үлесте тиіп отыр. Ендігі кезекте мамандардың болжағынындай "Қазком" мен "БТА" банктің бірігу процедуралары жүргізілмек. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Рақышев "Самұрық-Қазынадан" "Темірбанкті сатып алады" деген дақпырт шыққан еді. Ол кездері мамандар таратқан мәліметтерге сүйенсек, бизнесмен "ШалқияЦинк" өндіріс компаниясына "Темірбанк" акциясын айырбастайтын болған. Бірақ кейінірек "Темірбанк" пен "Альянс банкті" Болат Өтемұратовтың сатып алуға "Самұрық-Қазынамен" келісім жасағаны мәлім болды. Айта кету керек, өткен жылы "Самұрық-Қазына" қорының атқарушы директоры Елена Бахмутова "Альянс банк" пен "Темірбанктің" қоса алғандағы құны 500 миллионнан 1 миллиард АҚШ долларына дейін барады. "БТА", "Альянс" және "Темірбанк" 2009 жылғы дефолттан соң 20 миллиард АҚШ доллары шамасында қарызданып, құрылымын өзгертті. Бұл банктерді сатып алуға кез-келген үміткердің мүмкіндігі бар, оған жергілікті инвесторлар да кіреді" деген болатын. Жалпы, "БТА" банктің акциясын сатып алуға үміттілер бұған дейін де болды. Дегенмен банктің мойнындағы проблемалы активтердің көлемін көріп, банк акциясын сатып алуға ешбір тарап толық шешім қабылдай алмай жүрген. Енді міне, "Қазком" мен Кеңес Рақышев "БТА" банкінің проблемалы активтеріне қарамастан банктің акцияларын қордан сатып алып отыр.
"Қазком" мен "SAT Company" директорлар кеңесінің төрағасы, бизнесмен Кеңес Рақышев "Самұрық-Қазына" қорынан "БТА" банкінің акцияларын сатып алу туралы келісімдерді аяқтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәлім болғандай "Қазком" мен Рақышевтің қолына банк акциялары бірдей үлесте тиіп отыр. Ендігі кезекте мамандардың болжағынындай "Қазком" мен "БТА" банктің бірігу процедуралары жүргізілмек.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Рақышев "Самұрық-Қазынадан" "Темірбанкті сатып алады" деген дақпырт шыққан еді. Ол кездері мамандар таратқан мәліметтерге сүйенсек, бизнесмен "ШалқияЦинк" өндіріс компаниясына "Темірбанк" акциясын айырбастайтын болған. Бірақ кейінірек "Темірбанк" пен "Альянс банкті" Болат Өтемұратовтың сатып алуға "Самұрық-Қазынамен" келісім жасағаны мәлім болды.
Айта кету керек, өткен жылы "Самұрық-Қазына" қорының атқарушы директоры Елена Бахмутова "Альянс банк" пен "Темірбанктің" қоса алғандағы құны 500 миллионнан 1 миллиард АҚШ долларына дейін барады. "БТА", "Альянс" және "Темірбанк" 2009 жылғы дефолттан соң 20 миллиард АҚШ доллары шамасында қарызданып, құрылымын өзгертті. Бұл банктерді сатып алуға кез-келген үміткердің мүмкіндігі бар, оған жергілікті инвесторлар да кіреді" деген болатын.
Жалпы, "БТА" банктің акциясын сатып алуға үміттілер бұған дейін де болды. Дегенмен банктің мойнындағы проблемалы активтердің көлемін көріп, банк акциясын сатып алуға ешбір тарап толық шешім қабылдай алмай жүрген.
Енді міне, "Қазком" мен Кеңес Рақышев "БТА" банкінің проблемалы активтеріне қарамастан банктің акцияларын қордан сатып алып отыр.