Қазком мен Кеңес Рақышев "БТА Банктің" жай акцияларын сатып алу аяқталғанын жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews © иллюстрациясы  Tengrinews © иллюстрациясы

"Қазкоммерцбанк" (Қазком) АҚ және жеке кәсіпкер Кеңес Рақышев "БТА Банк" АҚ-ның (БТА) жай акцияларын сатып алудың аяқталғаны туралы жариялады. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі Қазкомның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазкоммерцбанк" (Қазком) АҚ және жеке кәсіпкер Кеңес Рақышев "БТА Банк" АҚ-ның (БТА) жай акцияларын сатып алудың аяқталғаны туралы жариялады. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі Қазкомның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Келіп түскен өтініштер мен орындалған бұйрықтардың нәтижесі бойынша миноритарлық акционерлерден әр жай акцияның құны 0,24 теңге болатын БТА жай акцияларының 11 783 миллиард данасы сатып алынды. Олардың ішінде 11 777 миллиард данасын Қазком сатып алса, 5,8 миллион данасын Рақышев мырза сатып алды.

Бұған дейін  қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, БТА-ның миноритарлық акционерлерінен сатып алынған акциялардың барлығы Қазком мен Рақышев мырза арасында бірдей  бөлінетін болады (бір жай акцияның құны 0,24162 теңге). Барлық сатып алулалар аяқталған соң БТА-ның жай акцияларын ұстаушы-акионерлердің құрамы төмендегідей болады деп күтілуде:

Еске салайық, "БТА Банк" АҚ (БТА) жай акцияларын сатуды 2014 жылдың 29 шілдесінде жарияланған болатын. Бұған дейін айтылғандай Кеңес Рақышев пен Қазком "БТА Банк"  миноритарларына әрбір жай акцияларын 0,24 теңгеден сатуға ұсыныс білдірген. 

Қазком бұған дейін БТА банкінен сатып алған 46,5 пайыз акция 72,2 миллиард теңге болатынын хабарлаған. Келісім шарт аяқталған соң Қазкоммерцбанка пен БТА банкі бірігіп, ірі әмбебап банк құрылады деген болжам бар. 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro