Қазком "Халық банкінің" құрамына кіргеннен кейін жаз кезінде оның акциялары орташа есеппен 35 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазком "Халық банкінің" құрамына кіргеннен кейін жаз кезінде оның акциялары орташа есеппен 35 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE мәліметі бойынша, 2 наурызда "Халық банкі" мен Қазком акцияларды сатып алу мүмкіндігі туралы меморандумға қол қойыған күні, қаржы мекемесінің KASE-дегі құны 52 теңге болатын. Ары қарай оның бағасы тек өсіп отырды. Мәселен, 5 мамырда "Халық банкінің" акциялары 59, ал 15 мамырда - 62 теңге көлемінде болды.
15 маусымда Қазкомның ірі акционерлері "Халық банкімен" сатып алу және сату келісіміне қол қойды. Осы сәттен оның акцияларының құны тіптен шарықтап кетті. 16 маусым мен 25 тамыз аралығында құнды қағаздар 64 теңгеден 89 теңгеге дейін өсті. Бұл аралықтағы акция құнының өсімі 35 пайызды құрады. Ал 2 наурыздан бастап есептесек "Халық банк" акцияларының құны 71,15 пайызға қымбаттаған.
Сонымен бірге, 2014 және 2015 жылдар аралығы банктің құнды қағаздары Қазақстан қор биржасында 54 теңгеден 29 теңгеге дейін арзандап кеткен болатын.
Еске салайық, сәуір айының ортасында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкіметтің Проблемалық кредиттер қорына екі триллион теңге бөлегенін мәлімдеген. Бұл қаржының бір бөлігі Қазкомның қиындық туыдрған қарызын өтеуге жұмсалды. Осыдан кейін банктер арасында келісім жасау мүмкін болды.
"Халық банк" өкілдері акциялар бағасының өсуі Қазком қарызының жабылуында ғана еместігін айтты.
"Қазіргі таңда банк ЖДҚ-сы (жаһандық депозитарлық қолхаттар - Tengrinews.kz ескермесі) бір данасы үшін 9,5 доллар шамасында сатылуда. Бұл бағаның осы уақытқа дейінгі ең жоғарғы баға еместігін айта кету керек. Мәселен соңғы үш жылда банктің ЖДҚ-сы 12 долларға дейін жеткен болатын. Осы үш жылда банк капиталы 70 пайызға артақынын айта кетейік.
"Халық банкі" мен "Қазкоммерцбанк" арасындағы келісімшарт бойынша келіссөздер басталғалы "Халық банк" ЖДҚ-сының бағасы құдырап кеткен еді. Ол тәуелсіз сарапшылар болжаған бағадан төмен болып, белгісіздік орнаған болатын. "Халық банкі" мен ҚКБ арадағы келісімшарттың мән-жайын көпшілікке аша бастаған сайын, бұл жағдай туралы түсінік пайда болды. Осыдан кейін "Халық банкінің" ЖДҚ-сының құны артты.
Қаржылық жоғары көрсеткіштер - "Халық банкінің" ЖДҚ құнына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Алғашқы жарты жылдықта 78,9 миллиард теңге таза кіріс болды, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзіміміен салыстырғанда 38,1 пайызға артық. 2017 жылдың басынан банк капиталы 13,4 пайызға артты. Капиталмен салыстырғандағы таза пайда (RoAE) 2017 жылдың жарты жылдығында 22,2 пайызды құрады. Ал біздің операциялық шығындарымыз жергілікті өлшем бойынша ғана емес, халықаралық көрсеткіштер бойынша да ең төмендердің қатарында", - дейді банк өкілдері.