"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның таза пайдасы 2015 жылдың бірінші алты айында 2,9 миллиард теңге (16 миллион АҚШ доллары) болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның таза пайдасы 2015 жылдың бірінші алты айында 2,9 миллиард теңге (16 миллион АҚШ доллары) болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 98 пайызға түсіп кеткен, яғни ол кезде компанияның таза пайдасы 210 миллиард теңге (1 193 миллион АҚШ доллары) болды. "Таза пайданың азаюы түсімнің кемуіне, және 2014 жылғы девальвацияға байланысты", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметіндегілер.
Брент маркалы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, сонымен қатар, экспорт саудасының мөлшерінің азаюына байланысты таза пайда доллармен есептегенде 73 пайызға азайып кеткен.
"2015 жылдың алғашқы жартысындағы түсім - 241 миллиард теңге (1 302 миллион АҚШ доллары), бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегіден 48 пайызға төмен. Түсімнің азаюы Брент маркалы мұнай бағасының 47 пайызға, яғни 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 108,9 АҚШ долларынан 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 57,8 АҚШ долларына дейін арзандауына және ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнай бағасының 52 пайызына, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 48 мың теңгеден 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 23 мың теңгеге дейін төмендеуіне байланысты", - деді компания өкілдері.
Алайда "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндіргені, мұның 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,3 пайызға артық екені хабарланып отыр.