"ҚазМұнайГаз" қытайлық ірі компаниямен бірлескен кәсіпорын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol Group) компаниясының негізінде біріккен кәсіпорын құру туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және China CEFC Energy Company Limited компаниясының арасында құжаттарға қол қою рәсімі 29 сәуірде болды.
"ҚазМұнайГаз" қытайлық ірі компаниямен бірлескен кәсіпорын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. KMG International N.V. (бұрынғы Rompetrol Group) компаниясының негізінде біріккен кәсіпорын құру туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және China CEFC Energy Company Limited компаниясының арасында құжаттарға қол қою рәсімі 29 сәуірде болды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМГ және CEFC компаниясының жаңадан құрылып жатқан біріккен кәсіпорындағы үлестік қатынасы тиісінше 49 және 51 пайыз болады. Осы уағадаластық аясында CEFC өзіне бірқатар міндеттемелер алды, соған сәйкес олар Еуропа және Жібек Жолы елдеріне инвестиция салуды жүзеге асырады.
"Қазақстандық ұлттық мұнайгаз операторы ҚМГ ҰК пен CEFC компаниясының біріккен жобасы ҚМГИ Тобының негізінде дамиды және ол "Silk Way жобасы" деген атқа ие болды. Қазақстан, Қытай және Румыния мамандарынан жасақталған жұмысшы тобы көптеген дайындық жұмыстарын жүргізді. Айтар болсақ, 2015 жылдың 14 желтоқсанында өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды, биыл 29 қаңтарда тараптардың негізгі шарттары (Therm Sheet) Қазақстан және Қытай мемлекеттері премьер-министрлерінің қатысуымен келісілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Біріккен кәсіпорынды басқаруды тепе-теңдік негізде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мәміле 2016 жылғы қазанға қарай аяқталады.
ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев бизнесті дамыту үшін біріккен тұғыр ретінде ҚМГИ-ді пайдалана отырып, мықты инвестормен одақтастықта компания айтарлықтай алға жылжи алатынын айтып отыр. Өз кезегінде CEFC атқарушы директоры Цзан Цзянцзюнь ҚМГ және CEFC арасындағы әріптестік бірлескен платформа құруға және энергетика секторының дамуына бағытталған ортақ мақсаттарға негізделгенін айтып өтті. "Осы әріптестік Қытай елінің "Бір белдеу - бір жол" және Қазақстанның "Нұрлы Жол" бағдарламаларымен ұштасып жатыр. Бұл әріптестіктің екі тарапқа да тиімді болатынына біз сенімдіміз", - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, CEFC компаниясы Қытайдағы барынша қарқынды дамып келе жатқан жеке компаниялардың бірі. Компания 2014 жылы Global Fortune 500 тізіміне еніп, 349-орынды иеленді. CEFC өз қызметін отын, қаржы және инвестиция салаларында іске асырып келеді.