"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"ҚазТрансОйл" АҚ 2016 жылғы 29 қаңтарда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді, онда "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын доғарылды және Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. АКЖЖ шешімімен "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасы төрағасының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары - Данияр Әмірбайұлы Берлібаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ халықаралық келісімшарттар департаментінің директоры - Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышов, "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) - Нұртас Нұрибекұлы Шманов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар - Луис Коимбра, Серік Достанұлы Пірімбетов және Фернандо Мачинена сайланды. "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Д. Ә. Берлібаев сайланды", - делінген хабарламада.