10 тамыз 2018 | 08:59

ҚБТУ 11,3 миллиард теңгеге сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 2gis.kz © 2gis.kz

Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялары 11,364 миллиард теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялары 11,364 миллиард теңгеге сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лот электрондық сауда алаңында жарияланды. Айта кетейік, ҚБТУ-ны "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы басқарады.

Барлық акцияның бастапқы бағасы - 11,3 миллиард теңге. Сауда түрі - ағылшын әдісі бойынша бағаны жоғарылату.

ҚБТУ-ның ғимараттары үш жерде орналасқан: басты ғимарат - Төле би көшесі, № 59 үйде, екіншісі Уәлиханов көшесі, № 106 үйде орналасқан "Бектұров атындағы химия институты" АҚ және Қонаев көшесі, № 142 үй, "Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институты"АҚ.

Сондай-ақ, осы акцияларды сатып алушының 10 жыл уақыт бойы профильдің қызметін сол күйі сақтап, жалғастыруы міндеттелетіні айтылады. 

Бұдан бөлек, сатып алушы жатақханалардағы студенттердің бөлмелеріндегі жағдайды бес жыл бойы сол күйі сақтап, ғимараттардың барлығын білім және ғылым қызметтерін көрсету мақсатында қолданып, екі жыл уақыт ішінде мүліктерді иесіздендіріп, оны кепілге қоя алмайды.

Саудалар 2018 жылдың 6 қарашасында белгіленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети