Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Кәсіпкерлер ұлттық палатасының доллардың теңгеге қатысты бағамын төмендетуге шара қолдану туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің басшысы Қайрат Келімбетов Кәсіпкерлер ұлттық палатасының доллардың теңгеге қатысты бағамын төмендетуге шара қолдану туралы ұсынысына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
КҰП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева экспортерларға арналған валюталық түсім саудасының міндетті бөлігін енгізу мүмкіндіктерін қарауды, сонымен қатар, ауытқушылық үш пайыз болғанда сатуды уақытша тоқтатуды ұсынды.
"КҰП ұсынысы әсерлі айтылды, 300 деген барлығын қозғалтатын цифр делінген еді. Көп рақмет, Юлия Якупбаева, ол жақсы сарапшы. Біз экспортерлармен жұмыс істейміз. Олар бұрынғы тәрпіннен істеді және істеп жатыр. Біздің оларға наразылығымыз жоқ. Мынаны түсінулеріңіз керек, өткен жылдарда Ұлттық банк белсенді түрде араласты. Долларды экономикаға ұсыну біздің жұмысымыз. Бұл ажиотажды жоятындай интервенция да емес. Ол теңгенің қолдан жасалған тапшылығынан құтылу үшін долларды ұсыну. Біз мәселе туындамауы үшін валюта нарығындағы қатысымызды әдейі жариялаймыз. Ал басқа құралдарға қатысты айтатын болсақ, өз былықтарынан өздері қорыққан банктер былай дейді: бағамды бір күнде мыншадан жоғары көтермейікші", - деді Келімбетов Парламент кулуарында.
Оның айтуынша, бұл шаралар талқыланып жатыр, алайда шектеу әзірше жоқ.
"Біз қазір мәселені талқылап жатырмыз, әзірше шектеу қойылған жоқ. Бірақ жалпы алғанда, жағдай мен түсінік тұрақтанды. Әлдебір сарапшылар мен нарық ойыншыларының бағамның теп-теңдігін басқаша есептейтіндері сөзсіз. Бірақ бізге мынаны түсіну керек, өндірушілердің, доллар депозитін ұстайтындар мен тұтынушылар мүддесінің балансы әрдайым болады. Сондықтан Ұлттық банк мүдде балансын күзетеді. (...) Бізде доллар тапшылығы жоқ, доллармен бізде бәрі дұрыс, бағаммен де бәрі дұрыс, инфляциямен де бәрі дұрыс болады", - деді ол.
Сонымен қатар, сұрақтарға жауап берген Келімбетов ақшасын теңгемен сақтайтынын айтты.
"Ұлттық банктің өкілі ретінде, мен жинағымды теңгемен сақтауға тиіспін. Мен оларды солай сақтаймын да", - деді ол.