ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов CFO Idea Exchange&Networking Event саммиті кезінде Қазақстанды қандай экономикалық болашақтың күтіп тұрғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық факторлар бар. Мысалы, Ұлттық банктің құрылуы, теңгені еркін айналымға жіберу - осының барлығы болашақта жақсы нәтиже береді. Біздің валюта қорымыз жеткілікті және басқа елдерге қарағанда құтқарылатын мүмкіндігіміз бар, - деді Келімбетов. - Менің ойымша, Қазақстанның болашағы зор, мүмкіндіктері де жоғары. Мемлекет бір орында тұрмайды. Басқа елдерге қарағанда артықшылығымыз бар ма? Меніңше, бар", - деді ол.