Кеңес Рақышев "Банк Астаны" АҚ акционерлер құрамынан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеңес Рақышев "Банк Астаны" АҚ акционерлер құрамынан шықты azh.kz

Кеңес Рақышев "Банк Астаны" АҚ акционерлер құрамынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеңес Рақышев "Банк Астаны" АҚ акционерлер құрамынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мекемесінің мәліметінше, банк акциясын сату бойынша келісім - жоспарлы, себебі мұндай шешім банктің ұзақ мерзімді дамуында қарастырылған. 

"Банк Астаны - бұл жас әрі еліміздің ең жылдам өсіп келе жатқан қаржы институты, оның даму жылдамдығы басқару шешімдерінің шұғыл қабылдануы мен сыртқы ортаның өзгерістерін дереу қабылдауына тәуелді, себебі ұялы банктің таңдалған стратегиясы басшылықтан және меншік иелерінен барынша концентрация мен үздіксіз назарын талап етеді. Қалыптасқан жағдайды және өзге де қаржы жобаларына қатысу қажеттілігіне байланысты іскерлік әріптес Олжас Тоқтаровпен, сонымен қатар, банк топ-менеджментімен бірлесіп талқылаудан кейін жауапкершілікті тиімді үлестіруге мүмкіндік беретін шешім қабылданды", - деп хабарлады Рақышев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта банктің ең ірі акционері Олжас Тоқтаров (үлесі 69,7 пайыз), ол "Банк Астаны" директорлар кеңесінің төрағасының міндетін қызметін қоса атқарушы. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Кеңес Рақышевтің үлесіндегі акциялар пакетін сатудағы келісім 2015 жылдың 30 шілдесінде жабылды. Банктің жаңа акционерлерінің құрамы KASE реестрінде жарияланады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети