Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковт "Қазинвестбанк" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыруға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковт "Қазинвестбанк" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыруға байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтуларынша, бірінші кезекте, бұл кредиттеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқару бойынша әлсіз ішкі саясат пен рәсімдер. Мұндай қызмет сапалы кепілдермен қамтамасыз етілмеген несие портфелі кредиттік тәуекелдерінің қарқынды өсуіне әкелді. Атап айтқанда, кепілдер негізінен нақты активтермен емес, болашақта түсетін ақшамен және мүлікпен ұсынылған. Бұл банктің портфеліндегі осындай қарыздардың үлесі 80 пайыздан астам құрайды. Сонымен бірге 50 пайыз қарыз бойынша қарыз алушыларға жеңілдікті талаптар беру фактілері қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну, сол сияқты өтеу мерзімдерін жаппай ұзарту түрінде байқалған.
Сонымен қатар, кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдердегі кемшіліктер орнықсыз қаржылық жағдайы, мысалы, теріс меншікті капиталы, жинақталған шығындардың жоғары мөлшері бар қарыз алушыларды, берілетін кредиттердің сомаларына сәйкес келмейтін бизнесті жүргізу кірістері мен ауқымдары бар қарыз алушыларды кредиттеуге мүмкіндік бергені айтылады.
"Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құраған қарыздарды іріктеп талдау нәтижелеріне негізделген ең төмен бағалау бойынша, провизияларды (резервтерді) қосымша қалыптастыру бойынша әлеуетті шығындар 30 млрд. теңгеден астам құрайды, оларды біржолғы тану 20,6 млрд. теңге мөлшеріндегі теріс капиталдың туындауына әкеледі", - делінген хабарламада.
Екіншіден, банкті лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған сәтте корреспонденттік шоттардағы және кассадағы ақша қалдығы 1,9 миллиард теңге болғаны айтылады. Ал сол сәтте кейінге қалдырылған төлемдер сомасы шамамен 20 миллиард теңге болыпты.
Нәтижесінде банк 2016 жылғы 14 желтоқсаннан бастап төлемдердің орындалмау фактілеріне жол берген. Барлығы 230 миллион теңгеден астам сомаға 50-ден астам төлем құжаты орындалмаған.
Бұдан басқа, Ұлттық Банк Банктің қызметін қадағалау шеңберінде ұзақ уақыт бойы Банк менеджментімен және оның акционерлерімен ашық сұхбат жүргізіп, Банк капиталының қабылданған тәуекелдерге барабар болмауы және өтімділіктің төмен көрсеткіштері жағдайларында Банкке қаржылық қолдауды қамтамасыз етудегі шұғыл қажеттілікті белгіледі. Соған қарамастан, Банкті барабар қайта капиталдандыру уақтылы жүзеге асырылған жоқ, ал Ұлттық Банктің кредиттеудің ішкі саясатын және рәсімдерін өзгерту бойынша талаптары уақтылы орындалмаған.
Ұлттық Банк Басқармасы несие портфелінің жоғары кредиттік тәуекелдері және Банктің менеджментімен және акционерлерімен сұхбат жүргізудің сындарлы нәтижелерінің болмауы фактілерін назарға ала отырып, банкті лицензиясынан айыру және Банкке уақытша әкімшілікті енгізу туралы шешім қабылдады.
"Банк ауқымының шамалы екендігін атап өткен маңызды, Банктің банк жүйесінің активтері мен міндеттемелері бойынша үлесі небәрі шамамен 0,7 пайызды құрайды. Ұлттық Банк жеке тұлға салымшыларға теңгемен және шетел валютасымен депозиттердің, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақшаның Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі - ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалғанын тағы да еске салады, яғни сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы одан әрі шешім қабылдаған жағдайда ҚДКҚ жеке тұлға салымшыларға кепілдікті өтемақы төлемдерін жүзеге асырады.
Кепілдіктің ең жоғары шегі мынадай:
- теңгемен депозиттер бойынша - 10 миллион теңгеге дейін;
- шетел валютасымен депозиттер бойынша - 5 миллион теңгеге дейін.
Өтемақының әлеуетті сомасы 768 млн. теңгені құрайды. ҚДКҚ-ның кепілдікті өтемақыны төлеуге арналған қаражаты 500 млрд. теңге болады. Яғни салымшылардың барлық депозиттері кепілдік берілетін сома шегінде толық көлемде қанағаттандырылады", - делінген баспасөз хабарламасында.