31 мамыр 2018 | 11:44

ҚР Ұлттық банкі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері бірқатар банктің жай-күйі туралы дәйексіз ақпараттардың таралуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері бірқатар банктің жай-күйі туралы дәйексіз ақпараттардың таралуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

WhatsApp пайдаланушылары  2017 жылғы банк қызметінің қорытындылары бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің есебіне сілтеме жасай отырып,  арасында бірқатар Қазақстандық банктердің тұрақсыз жай-күйі туралы ресми түрде расталмаған хабарлар таратқан.

"ҚР Ұлттық Банкі бүкіл жауапкершілікпен мұндай ақпараттың Ұлттық Банктің Жылдық есебінде де, Қаржылық тұрақтылық туралы есебінде де, басқа да ешқандай құжатта жоқ екендігін және таратылып жатқан ақпараттың дәйексіз екендігін мәлімдейді. Ұлттық Банктің есебінде Ұлттық Банктің өзінің қызметі туралы ақпарат қамтылған. Онда Ұлттық Банк және қаржы жүйесі жұмыс істейтін макроэкономикалық жағдайлар, сондай-ақ Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты, қаржы нарығын реттеу мен қадағалау, қаржы секторының және оның жекелеген сегменттерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы және басқа бағыттар бойынша заңнамалық тұрғыдан белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу бойынша қабылданған шаралар жария етіледі. Ұлттық Банк, қаржы нарығындағы реттеуші бола отырып, жекелеген банктердегі немесе басқа қаржы институттарындағы қаржылық жағдай туралы ақпаратты таратпайды", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, қаржы институттарының жай-күйін бағалау қадағалау практикасының шеңберінде жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қажетті түзету шаралары қабылданатыны айтылады. Ұлттық Банк қоғамдастыққа қаржы институттары жол берген бұзушылықтар туралы, қаржы нарығындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны беру, тоқтата тұру және айыру туралы уақтылы хабардар етеді.

"Қазіргі уақытта нарықты орнықты қаржы институттарымен қамтамасыз етуге арналған Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылды. Бүгінгі күні банк секторын қалыпқа келтіру және банктердің экономиканы кредиттеуі үшін макроэкономикалық жағдайлар жасау шеңберінде қабылданған шаралардың белгілі бір нәтижелері байқалып отыр", - деді банк өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Ұлттық Банк дәйексіз ақпаратты таратушыларды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгінді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети