Кредит бойынша мөлшерлеме 10 пайыздан төмен болуы тиіс - Бишімбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кредит бойынша мөлшерлеме 10 пайыздан төмен болуы тиіс - Бишімбаев ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. © Ведомство баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі кредит бойынша мөлшерлеменің қазіргідей 16-17 пайыз деңгейінде емес, бір мағыналы етуге бірқатар шара қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі кредит бойынша мөлшерлеменің қазіргідей 16-17 пайыз деңгейінде емес, бір мағыналы етуге бірқатар шара қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Ол алдағы бес жылда орташа алғанда экономиканы 5 пайызға көтерудің міндеттеліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты жеке қайнарлардан экономикаға инвестиция құюды белсенді етудің, банк мөлшерлемелерін төмендетудің және қаржы жүйесінің сауықтырылуының, сонымен қатар мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетудің жоспарланып отырғанын айтты. Министр қымбатқа сатудың жекешелендірудің мақсаты емес екенін жеткізді. 

"Мақсат - жеңілдеу, мемлекеттік ресурстарды босатып, жеке бизнеске дамуға мүмкіндік беру. Мемлекет бизнеспен өзі айналыспай, бизнеске инфрақұрылым жасауы тиіс. Біздің есебімізге, сегіз айда инфрақұрылымға құйылған 1 теңге инвестиция тұрғын үй құрылысына 9,3 теңге теңге әкелді. Негізінде біз алаңды тазартуымыз керек, біріншіден, өзіміз сол алаңнан кетуіміз керек, мемлекеттің экономикадағы үлесін 30-дан 15 пайызға дейін қысқартуымыз керек, екіншіден барлық шектеулерді, әкімшілік барьерлерді алып тастауымыз керек", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети