Құқық қорғау органдарының өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тың жағдайы нашарлады деген қауесетті таратқандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Цеснабанк" АҚ өкілдерінің өтініші бойынша ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде банктің қаржы жағдайы нашарлағаны жайлы таралған мәліметтерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Сәдубаев.
Оның айтуынша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы мәліметті таратушылар анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған шаралар жүріп жатыр.
Сәдубаев осындай қылмыс жасағандардың заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.