Осы жылдың басында 17 ақпан мен 12 сәуір аралығында "Magnum Club-қа өт те, миллион ал!" атты акция өтті. Magnum Club-та тіркелген барлық сатып алушы автоматты түрде оның қатысушысы атанды. Әр апта сайын сыйлықтар ойнатылды - 1 мың бонус және 5 мың бонус. Ал әр екі апта сайын кездейсоқ сандар генераторы бас жүлденің иесін анықтады - 1 000 000 бонус!
Осы жылдың басында 17 ақпан мен 12 сәуір аралығында "Magnum Club-қа өт те, миллион ал!" атты акция өтті. Magnum Club-та тіркелген барлық сатып алушы автоматты түрде оның қатысушысы атанды. Әр апта сайын сыйлықтар ойнатылды - 1 мың бонус және 5 мың бонус. Ал әр екі апта сайын кездейсоқ сандар генераторы бас жүлденің иесін анықтады - 1 000 000 бонус!
Акция ережесі бойынша барлық "миллионер" әр ай сайын он ай көлемінде бонус картасына 100 000 бонустан алып отырды. Біз бірнеше жеңімпазбен кездесіп, Magnum бонустары олардың отбасылық бюджетін басқаруға қалай көмектесетінін сұрадық.
***
Менің аты-жөнім - Тимур Өтегенов, Алматыда тұрамын, интерьер дизайнері болып жұмыс істеймін. Бала күнімнен сурет салуды ұнататынмын, өнер мектебін бітірдім, сосын колледж бен университетті "Сәулет" мамандығы бойынша аяқтадым. Zeta компаниясында жұмсақ жиһаздар дизайнері болып істедім, ал қазір жеке тапсырыстар қабылдаймын.
Мен Magnum ашылған күннен бері оның сатып алушысымын. 10 жылдан аса уақыттан бері азық-түлікті көбіне Magnum-нан сатып аламын. Кассирлер маған бірнеше рет бонустық картаны сатып алуды ұсынған болатын. Бірақ мен үнемі асығып, оны кейінге қалдырып жүрдім. Бір күні кассадағы қыз ақыры картаны тіркеуіме көндірді. Ал ол менің сәтті мүмкіндігім болып шықты!
Сосын анам Instagram-да Magnum акция өткізіп жатқанын көріп қалды. Ол күн сайын Magnum Club-қа тіркеліп, ұтысқа қатысуымды ескертіп отырды. Оған да қолым тимей жүрді. Ақыры бағдарламаны жүктеп, жеңімпаздар тізімінде боламын деген үмітпен акцияны бақылап жүрдім. Сосын қолымды бір сілтедім де ұмытып кеттім.
Маған жеңімпаз атанғанымды айтып, хабарласқан кезде мен әкеммен аулада жұмыс істеп жүргенмін. Сосын Instagram-ға кіріп, тексердік. Мен кішкентай бала секілді қуанып, қуанып кеттім.
Бұл жеңіс біздің отбасымызға пайдалы болды. Себебі карантин енді басталған кезде менде тапсырыс болмады, туыстарымда да жұмыстарында проблема туындады. Ең қиын сәтте осындай сыйлық алдық! Жоғарыдан келген көмек сияқты.
Маған карта ашуды ұсынған қызға алғысым шексіз. Осындай қолдау білдірген Magnum-ға алғыс айтамын. Әр ай сайын 100 мың бонус алып, оны көбіне азық-түлікке жұмсаймыз.
Маған Magnum-да ұнайтыны таңдаудың көптігі мен тауарлардың ыңғайлы орналасуы. Мен Magnum-нан басқа жерде таңдаудың көп болғанын көрмедім. Меніңше, бұл - еліміздегі ең үлкен сауда жүйесі.
***
Менің есімім - Алексей Антонов. Мен Қызылордадағы жиһаз жасайтын шағын өндірістің иесімін. Әйелім екеуміздің үш баламыз бар.
Мен Алматыға іссапарларға келген кезде Magnum-да үнемі сауда жасап жүретінмін. Содан кейін біздің қаламызда осындай дүкен пайда болды, содан мен бірден оның тұрақты клиенті болдым.
Маған телефон арқылы жеңгенім туралы хабарлағанда мен жұмыста болған едім, тапсырыс берушілермен сөйлесіп жатқан болатынмын. Басында сенбедім. Әріптестерімнен Instagram-ға кіруді сұрадым. Ол жақта тікелей эфирден менің даусым естіліп жатты. Өте қатты қуандым!
Жалпы, мен өмірімде бірінші рет жеңіске жетіп тұрмын. Бұрын қандай да бір акцияларға, конкурстарға қатысқан болатынмын, бірақ ешқашан ештеңе жеңіп алған емеспін. Ал мұнда мен қатыспай-ақ бонустық карта нөмірім бойынша миллион ұтып алдым!
Содан бұл туралы бірден басқа таныстарыма айтуды шештім. Достарымызбен мұқтаж адамдарға үнемі көмектесіп тұратынбыз, бізде жағдайы төмен адамдардың тізімі бар. Енді мен ай сайын Magnum-дан 100 мың бонус алып отырамын. Аз қамтылған отбасылар үшін азық-түлікке 30-40 мың жұмсаймын. Қалған бонустар менің отбасымның азық-түлік және тұрмыстық шығындарына кетеді.
Менде қажет нәрсенің бәрін бонуссыз сатып алу мүмкіндігі бар. Бірақ мұндай күтпеген сыйлық сондай керемет! Рақмет, Magnum!
***
Мен - Наталья Ким, алматылықпын, тұрмыстамын, екі қыздың анасымын, банкте жұмыс істеймін.
Біз көп жыл бойы Magnum-ның тұрақты клиенттеріміз. Бір кездері аты аңызға айналған Абай-Момышұлы дүкеніне барғанымыз есімде. Соңғы уақытта біз негізінен "Люмирге" барып жүретінбіз. Онда кассир маған бонустық картаны ашуды ұсынған еді.
Мен акция туралы ештеңе білмедім. Жеңгенім туралы хабарлаған кезде мен сенбедім. Компания қызметкерлерінің ду қол шапалақтары мен құттықтауларын естіген кезде ғана сендім. Эмоцияға толы болдым - сол күні ұтыс ойыны 50 мың қатысушы арасында өткен, ал бас жүлде маған бұйырды! Науқанға қатысу үшін арнайы ештеңе жасаудың қажеті жоқ, бонустық карталардың барлық иесі автоматты түрде қатысады.
Magnum басқарма төрағасы Азамат Османов мені жеңісіммен жеке құттықтады. Мен кеңсеге құжаттарға қол қойып, сертификат алу үшін келген болатынмын. Пандемияға байланысты ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізілген жоқ. Бірақ компания басшысы кездесуге, құттықтауға арнайы келді, мен оған осы тамаша акция үшін алғысымды білдірдім.
Бұл жеңіс біздің отбасымыз үшін сәттілік болды. Көктем мен жаз айлары біз үшін қаржы жағынан қиын болған еді, ал Magnum бонустары көп көмектесті. Әдетте біз айына 100 мың теңгеге жуық ақшаға азық-түлік пен жуғыш заттар алып қоямыз. Ал қазір біз бұл шығындарды толығымен бонустармен төлейміз. Осындай үнемдеудің арқасында олар жазда қызына оқу курстарын төлей алған екен, тіпті біраз ақшасын кейінгі қалдырып қойған.
Мен (жеңгендіктен емес) Magnum-да мықты команда, мықты менеджмент, қызметкерлермен жүйелі жұмыс сезінетінін айтқым келеді. Мұндай үлкен жұмыс көлемін әрбір компания атқара алмайды. Қатаң карантин кезінде Magnum тұтынушыларға өте үлкен көмек көрсетті, жеткізілімдегі барлық қиындыққа қарамастан, халықты тамақпен қамтамасыз етті.
Тұрақты жеңілдіктер, акциялар - мұның бәрі адамдарды қызықтырады. Сондықтан Magnum-ның сатып алушыларға лық толы болуы бекер емес.
Мен компанияға табыс тілей отырып, оған алғысымды айтқым келеді!
***
Менің аты-жөнім - Илья Наумов. Алматыда туып өстім. Энергоинститут тәмамдадым. Қазір инженер болып жұмыс істеймін. Тау-кен кәсіпорындарына арналған электр құралдарын жобалаймын.
Жұмыстан кейін Magnum-ға жиі барамын, өзіме және ата-анама азық-түлік сатып аламын. Наурыздың басында бонустық карта сатып алдым, бірден Magnum Club мобильді қосымшасын жүктеп, картаны пайдалана бастадым. Ал бірнеше күннен кейін маған акцияның жеңімпазы атанғаным туралы хабар келді.
Біраз уақыт бұрын мен телефон нөмірімді өзгерткен едім. Осы себепті ұйымдастырушылар мені таба алмапты. Алайда олар осыған қарамастан мені тауып, "Сіз миллион ұтып алдыңыз" деген хабарлама жіберді. Әрине, мен оған сенген жоқпын. Бірақ ұйымдастырушылар маған қоңырау шалып, құжаттарға қол қою үшін Magnum-нің офисіне шақырды.
Осылайша, ай сайын менің бонустық картама 100 мың теңге бонус түсе бастады. Мен азық-түлік сатып алуға айына 60-80 мың теңге жұмсаймын. Сондықтан бонустың бір бөлігі әлі пайдаланған жоқпын.
Енді мен барлық сатып алуды Magnum-да жасайтын болдым. Егер бұрын көбінесе азық-түлік өнімдерін алсам, қазір тұрмыстық химия мен үйге арналған тауарларды сатып алатын болдым.
Жарты жыл ішінде біраз қаражат үнемдедім. Үнемделген ақшаны ата-анамның пәтерін жөндеуге жұмсаймын.
Осындай күтпеген тосынсый үшін Magnum Club-қа рақмет!
***
Мен - Зейнулла Жүсіпбаев, Павлодар облысының тумасымын. Павлодар мемлекеттік университетінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алдым. 2000 жылы Нұр-Сұлтан қаласына көшіп келіп, мамандығымды ауыстырдым. Қазіргі таңда құрылыс саласында электрик болып жұмыс істеймін.
Мен Magnum-ның тұрақты сатып алушысымын, көбіне Біржан сал көшесіндегі дүкеннен сатып аламын. Наурызда мен әдеттегідей жұмыстан кейін азық-түлік алуға келдім. Кассир бонустық карта ашуды ұсынды. Мен үнемі Magnum-ның акцияларына қатысуға тырысамын. Қажет ақпаратты Instagram-парақшасы арқылы білемін. Осы жолы да бас тартпай Magnum Club-ты жүктеп, қолдана бастадым. Және бірден Magnum-нан осындай ірі сыйлық - 1 000 000 бонус алдым!
Мен жеңімпаз атанғаным туралы хабар түскенде онша сене қоймадым. Сосын хабарласып, түсіндіргеннен кейін қатты қуанып кеттім. Қазір пандемия, қиын кезең. Ай сайын картаға түсіп тұратын 100 мың бонус отбасылық бюджет үшін жақсы көмек.
Әйелім мектепте сабақ береді. Екі ұлым мектепте оқиды. Бәрі үйде, онлайн оқып жатыр. Бәрі үйде отырған кезде азық-түлікке көп ақша кететінін байқадық. Бірақ қазір жеңіп алған бонустарымызды жұмсаймыз, ал жалақымыз қалтамызда қалады.
Онсыз да Magnum-нан сатып алатынбыз, қазір ол бізге жақын бола түсті. Барған сайын керемет көңіл-күймен қайтамыз. Magnum-ға үнемі алғыс білдіремін!