21 тамыз 2014 15:37

Мал басын сақтандыру қорын құру қаншалықты тиімді?

Осы аптаның басында шотландиялық генетік ғалым Дж. Кларк қазақтың ет және ет өнімдеріне қатысты елең еткізерлік бір пікір білдірді. Бұл ретте Кларк былай деді: «Қазақ малының еті сапасы жағынан гендік модификацияға түспеген. Қазақтың малы таза табиғи шөптермен қоректенген. Сондықтан келешекте бұл елдің етіне және ет өніміне сұраныс өсе түседі». Сол-ақ екен, осы саланы зерттеп жүрген біраз мамандар қазақтың мал шаруашылығы саласын електен өткізуге кірісіп кетті. Мысалы, кеше Ресей экономист-сарапшысы Олег Лурьев твиттердегі парақшасында тағы да біздің елге қатысты пікірін білдірді. Лурьев мемлекетіміздің осы уақытқа дейін мал шаруашылығы саласына қатысты біршама оңды істер атқарып отырғанын, бірнеше ірі-ірі бағдарламалар қабылдағанын айта келе, бірақ біздің әлі де болса мал басын сақтандыру қорларын құруға аса мән бермей отырғанымызды алға тартты. Бұл жайттар бізді толғандырмай қоймайды. «Алаш айнасының» тілшісі отандық сарапшылардың бұған қатысты ойларын біліп мәселеге тереңдеп көруді жөн көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram