Мемлекет көмектескен банктерге дивидендтер төлеуге тыйым салынуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет көмектескен банктерге дивидендтер төлеуге тыйым салынуы мүмкін Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда банктердің қаржылық тұрақтылығы немесе қалпына келуі үшін мемлекет қаражаты пайдаланылса, оларға дивиденд төлеуге тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда банктердің қаржылық тұрақтылығы немесе қалпына келуі үшін мемлекет қаражаты пайдаланылса, оларға дивиденд төлеуге тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

"Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Ұлттық қордың, Ұлттық банктің немесе оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің пайданы бөлу, жай және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есептеу, сондай-ақ өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу шарттары бекітілсін", - делінген қаулы жобасында.

Агенттік жоспарына сәйкес банк дивидендтер есептей алады, сондай-ақ келесі шарттарды сақтай отырып, өз акцияларын сатып алуды жүргізе алады:

  • банктің бөлінбеген пайдасы тек мемлекет қаражаты пайдаланылмаған банк қызметінен ғана қалыптасты;
  • халықаралық ұйымдардың бірінің қорытындысы болуы - Standard & Poor's Financial Services LLC, Fitch Ratings Inc., Moody's Investors Service, KPMG, Boston Consulting Group және т.б.

Жобаның қоғамдық талқылауы 15 қаңтарға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети