Мобильді аударымдарды тексеру: 255 мың теңге шегі қабылдана ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден асатын мобильді аударымдарға бақылау енгізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда айына 255 мың теңгеден асатын мобильді аударымдарға бақылау енгізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселе қазір белсенді түрде талқыланып жатыр. Атап айтқанда, белгілі бір айлық сомадан асқан жағдайда салық органдарының сұрақтары туындауы мүмкін.

"Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетімен және банк секторы өкілдерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. (...) Өткен жылғы талапқа сәйкес, 100-ден астам әртүрлі адамнан аударым алған тұлғалардың ЖСН-ін ұсынамыз. Енді олар шекті мәнді белгілеуді қалайды, осыған байланысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Деректер базасын жай ғана жинақтаумен шектелмей, белсенді әрі тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтау мәселесі қарастырылып жатыр", – деді Шолпанқұлов Сенаттағы брифингте.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бұл шешім тек банк секторы мақұлдаған жағдайда ғана қабылданатынын атап өтті.

"Мемлекеттік кірістер комитетінен ұсыныс түсті, біз оны талқыладық, қазір банк секторы техникалық жүзеге асыру мәселесін қарастырып жатыр. Егер олар мақұлдаса, шешім қабылданады. Егер мақұлдамаса, ізденістер жалғасады", – деп түсіндірді Шолпанқұлов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға шектеу енгізуді ұсынып, оның мөлшерін 3 ең төменгі жалақы деңгейінде (255 мың теңге) белгілеуді ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 503.61  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro