20 желтоқсан 2021 | 12:03

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингін көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылғы 15 желтоқсанда Moody’s Investors Service ("Moody’s") "ForteBank" АҚ-ның депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтінгін "Тұрақты" болжаммен Ba3-тен Ва2-ге дейін көтеру туралы шешімін жариялады. Moody's агенттігі банк рейтингін бұдан бұрын 2020 жылдың желтоқсанында көтерген болатын. Ол кезде агенттік ForteBank-тің депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін "Тұрақты" болжаммен В1-ден Ва3-ке дейін көтерген.

Иконка комментария блок соц сети

"ForteBank" АҚ үшін бұл рейтингтер бойынша 2021 жылдағы алғашқы оң өзгеріс емес. 2021 жылдың қыркүйек айында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "ForteBank" АҚ-ның рейтингтер бойынша болжамын "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" дейін жақсартты, ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzBBB"-ден "kzBBB+"-ке дейін көтерді және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін "B +/B" деңгейінде растады. Fitch Ratings агенттігі өз кезегінде банктің ұзақ мерзімді рейтингін "B"-ден "B+"-ке дейін көтеріп, болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" дейін жақсартты.

Moody's сарапшыларының пікірінше, рейтингілік әрекет ағымдағы жылдың басынан бері проблемалық кредиттердің күрт азаюынан кейін Банк активтері бойыншатәуекелге қатысты белгісіздіктің айтарлықтай төмендеуін көрсетеді. Рейтингілік әрекет сонымен қатар Банк табысы сапасының жақсарғанын және Forte бизнес профилінің нығайғанын көрсетеді.

ForteBank Қазақстандағы ең ірі бес банктің қатарына кіреді және еліміздегі ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталы бар банктердің бірі болып табылады. Банктің 20 филиалы және 100-ге жуық бөлімшесі бар. Банк бірнеше рет жетекші халықаралық баспалардың марапаттарына ие болды. Осылайша, соңғы 12 айда ForteBank Euromoney, Asiamoney және Global Finance пікірі бойынша Қазақстандағы ең үздік банк болып танылды.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети