04 тамыз 2015 | 09:50

"Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар Орынбаев. © "Нұрбанк" АҚ баспасөз қызметі Қаңтар Орынбаев. © "Нұрбанк" АҚ баспасөз қызметі

"Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Нұрбанк" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, басқарма төрағасы Қаңтар Орынбаев қызметінен өз еркімен кеткен. Айта кетейік, ол банкті 2013 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін басқарды. 

"Нұрбанк" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, банктің басқарма төрағасының міндетін 2015 жылдың 4 тамызынан бастап Сәкен Ахметов атқаратын болады, ол бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары болған", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, төрағаның міндетін атқарушы Ахметов 1995-2002 жылдар аралығында "Қазақстан ұлттық банкінде" еңбек етіп, қаржыландыру жүйесінің мәселелерімен, КОБ бөлімінің және ірі корпоратив клиенттерінің жұмыстарымен тікелей айналысты. Сонымен қатар, "АПК" АҚ және "АлЭС" АҚ-қа шақырылып, 2002-2010 жылдар аралығында Қазына департаментінің директоры болды. 2010 жылы "Нұрбанкке" келген Ахметов бүгінге дейін басқарма төрағасының орынбасары болды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети