Қазақстанның банк секторы 2000 жылдары экономикалық өсуді қаржыландыруда маңызды рөл атқарды. Экономикаға құйылатын қаражат ағыны салыстырмалы болды, тіпті кей жылдары елге келіп түскен экспорттық кіріс көлемінен де асып түсті. Мысалы, 2006 жылы елдің таза экспорты 14,6 миллиард доллар құраса, кредит беру көлемінің өсімі 17,6 миллиард доллар асып түскен. 2007-2008 жылдары экономикаға жаңа несиелердің көлеміайына 1 триллион теңгеге дейін жетті,алЖІӨ-ге қатысты несие қоржыны ЖІӨ-нің 56 пайыз жеткен.
Қазақстанның банк секторы 2000 жылдары экономикалық өсуді қаржыландыруда маңызды рөл атқарды. Экономикаға құйылатын қаражат ағыны салыстырмалы болды, тіпті кей жылдары елге келіп түскен экспорттық кіріс көлемінен де асып түсті. Мысалы, 2006 жылы елдің таза экспорты 14,6 миллиард доллар құраса, кредит беру көлемінің өсімі 17,6 миллиард доллар асып түскен. 2007-2008 жылдары экономикаға жаңа несиелердің көлеміайына 1 триллион теңгеге дейін жетті,алЖІӨ-ге қатысты несие қоржыны ЖІӨ-нің 56 пайыз жеткен.
Дегенмен, банк секторының әлсізтұсы да болды - банктерді қорландырудың басым бөлігі сыртқы қарыздарға сүйенді. Шын мәнінде, банктер валюталық тәуекелдерді өз мойнына алып, әрі қарай қарыз алушыларға берді.Нәтижесінде 2009 жылы әлемдік дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы себебінде қарыз алушылардың бір бөлігі несие төлеуді тоқтатты. Заемдардың басым бөлігі құрылыс секторына (2008 жылғы шілдеде 18 пайыз) келгендіктен жағдайқиын болды,бұл көбінесе үлестес жобалардың қаржыландырылуымен және қалыптасқан "көпіршіктің баға шыңында" алыпсатарлық активтерге қаражаттың белсенді салынумен түсіндіріледі. Дағдарыс нәтижесінде жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі (сол сәтте Ұлттық Банктің жіктелуі бойынша 5-ші санатты үмітсіз және күмәнді қарыздардың сомасы) 2009 жыл ішінде 8 пайыз-дан 36 пайыз-ға дейін көтерілді. Одан кейін де "улы кредиттердің"жоғары үлесі 2014 жылға дейін,Ұлттық банккөрсеткіштері 10 пайыз жоғарыболатын банктергесанкция салуға уәде бергенге дейінсақталды. Соданбері банктер нашар несиелерді 10 пайыз-даназ етіп көрсетеді, ал іс жүзінде банктердегі жағдай өзгерген жоқ. Бір қызығы, барлық рейтингтік агенттіктер оң рейтингтерді сақтай отырып, осы деректерге сенген.
Бастапқыда нақты ахуалды жасыруға мәжбүрлік себепболса,2014 жылдан кейін бұл әдеттегі тәжірибеге айналды - бұл банктердің жұмысы ашық емесекенін көрсетеді.Әрине, деректерді манипуляциялау ресми есептілікке сүйеніп, оған лайық емес банктерде депозиттерді орналастырған депозиторлардың қателіктеріне әкелді. Дегенмен, проблемалық банктердіңкөбіндегі жағдайтүзетуге келетін,бірақҰлттықбанк дұрыс әрекет етпеді және ақпараттық кеңістіккеберген мәліметтерідүрбелең туғызып, депозитарийлердің банктерденкүрт қашуына себеп болып жағдайдыушықтыра түсті, әдейі болмаса да банкке "репутациялық соққы" жасалды.
Әрине, қалыптасқан жағдайда банктердің банкроттығы стандартты схема бойынша жүргізілді -нақты банкте "кенеттен"проблема анықталады, жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға лицензиясы тоқтатылады немесе банк клиенттерінің арасында үрей туғызған ақпарат жарияланады. Бұдан әрі "батып бара жатқан" банк нашар кредиттер бойынша нақты деректерді жариялайды, әдетте ол несие қоржынының 50-70 пайызына тең болады (мысалы, Астана банкінде қызмет көрсетілмейтін кредиттердің үлесі 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдайбойынша -6,61 пайыз болса, ал лицензиядан айыру алдында 2018 жылғы 18 қыркүйекте - 46,73 пайыз құрады). Содан кейін банкті тексеру және рейтингтердің дефолтты деңгейге дейін күрт төмендеуі жарияланды. Тағы 2-3 айдан кейін лицензияларды қайтарып алу және банкті тарату жарияланды.
Ең қызығы, банктер банкрот болған көп жағдайдабөлшек депозиторлар өз депозиттерінің толық сомасын қайтарып алып (10 млн.теңге шегінде), іс жүзінде зардап шеккен жоқ.Әрине, барлық тәуекелдер Үкімет пен Ұлттық Банкпен үнемі қаржындырылатынДепозиттерге кепілдік беру және Проблемалық кредиттер қорлары арқылы мемлекетке аударылды.
Күтпеген жерден және кенеттен болған оқиғалар барлық банктердің ресми деректеріне сенімсіздік тудырып, төрт теріс трендті қалыптастырады:
1. Жалпы банктерге сенімсіздік.Бұл ретте сенім үшін бір ғана параметр ғана қалды-ірі депозиторлар сенетін Банктің саяси күшті акционерінің болуы, осы сенімділікке ұсақ депозиторлар даиек артады;
2. Банктердің шетелдік рейтингтеріне сенімсіздік;
3. Активтердің сапасын қадағалау тұрғысынан да, банктерге қатысты дағдарысқа қарсы шаралардың барабарлығы тұрғысынан да Ұлттық Банкке және жалпы банктік қадағалау жүйесіне деген сенімсіздік (егер теріс хабар жарияланса, онда бұл сөзсіз банкті жабумен не акционерлерді толық ауыстырумен және мемлекет есебінен нашар кредиттерден тазартумен аяқталып отырады);
4. Кез келген ресми мәлімдемелерге сенімсіздік.Осыған байланысты банктердің жай-күйі туралы тиісті білімі мен біліктілігі жоқ блогерлер немесе мессенджерлер арқылы анонимді ақпарат таратудың альтернативті көздері пайда болды, осындай оқиғаларкейде санкция жарияланбаған банктердің "үрейін ұшырып"отырды (мысалы, Каспибанкіне қатысты тұрақты смс-хабарламалар).
Банктердіңжұмысында ашықтықтың және соның нәтижесінде сенімнің болмауысалымшылардыңжаппай кетуіне себеп болады,жағдайды реттеуге, оның ішіндешұғыл қарыздар және проблемалық кредиттерді реттеугемемлекет тарапынан және Проблемалықнесиелер қорынанқаражат бөлінеді, доллардағы төмен ставкаға қарамастан депозиттердің долларға ойысуы, тұтастай алғанда экономиканы несиелендіру төмендейді.
Салымдардың кетуі
SMS-шабуылы кезіндетұрақты банктердің өзінен салымдар кетіпжатады, осындайхабарламалардан кейін банктіңауқымынақарайбір аптада 50-150 миллиард теңгесалым кетеді, одан кейін жағдай 4-8 апта ішінде қалыпқа келеді. Ал Ұлттық Банк тарапынан әрекет басталған жағдайда, проблемалық банктерден депозиттердің кетуі 100 пайызға жуықтайды.
Қалыпқа келтіру шығыстары
Соңғы 10 жылда мемлекетбанктерге 26 миллиард доллардан аса қаражатбөлді және алушылардың бір бөлігі бүгінгі таңда қайта құрылып үлгерді (жойылды).
Долларландыру
Долларлық депозиттердің көлемі соңғы 5 жылда 5,4 трлнтеңгеден 7,8 трлн теңгеге дейінөсті,бұл ретте ағымдағы сәтте депозиттердің жартысына жуығы доллармен номинацияланды (45 пайыз).
Несиелеуді төмендету
Қазіргі таңдажалпы ішкіөнімгеқатыстынесие қоржынының көлемі 2007 жылғы 56 пайыз-дан 2018 жылы 21 пайыз-ға дейін төмендеді. Бұл ретте сақталып отырған нашар активтердің ықтимал көлемін шегергенде, көрсеткіш 16-18 пайыз-ға жетеді, бұл тымтөмен деңгей болып табылады. Салыстыру үшін ЖІӨ-ге қатысты кредиттердің үлесі АҚШ-та 186 пайыз-ды, Жапонияда - 168 пайыз-ды, Қытайда - 161 пайыз-ды, Сингапурда - 122 пайыз-ды, РФ-да - 76 пайыз-ды, Түркияда - 67 пайыз-ды (орташа ЭЫДҰ елдерінде - 141 пайыз) құрайды.
Қазіргі уақытта Ұлттық банк жүйесіне деген сенімді арттыруы тиіс екі батаманы жүзеге асырып жатыр:
1) ЕДБ активтерінің сапасына талдау жүргізуде (2019 жылдың желтоқсанында аяқталады депкүтілуде);
2) 2021 жылы Базель-3 стандарттарын енгізу.
Талдаудың қорытындысы бойынша банктерді қосымша қолдау қажеттілігі анықталады, ал Базель-3 стандартын енгізу акционерлердіңбанктерді қайта капиталдандыру қажеттілігін тудырады, әрине бұлай болуы екіталай, сондықтан даәлсіз банктердің неғұрлым күшті банктермен бірігу ықтималдығы өте жоғары болады.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк мынадай шараларды іске асыруы қажет:
1. Банктерді корпоративтік басқаруды, оның ішінде жекелеген жағдайларда әлі ресми түрде ғана бар Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, жекелеген банктердің басқармасы мен директорлар кеңесін толық жаңарту арқылы жақсарту;
2. Банктерді нашар несиелер бойынша деректерді жасыруға ынталандыратын нормалардың күшін жою;
3. Салықтық ынталандыру арқылы нашар кредиттер бойынша қайта құрылымдауды ынталандыру;
4. Ағымдағы проблемалар бойынша шараларды әзірлеуге белсенді тарту мақсатында сараптамалық алаңмен жұмысты жандандыру.
Мақала жазу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің, Дүниежүзілік Банктің деректері, сондай-ақ қазақстандық БАҚ-тардың материалдары пайдаланылды.