Олжас Құдайбергенов Ұлттық банктен өз еркімен кетеді

viewings icon 149 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов. ©youtube.com ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов. ©youtube.com

ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өз еркімен жұмыстан кетеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өз еркімен жұмыстан кетеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Құдайбергеновтің айтуынша, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстан кетеді. 2,5 айдан соң Макроэкономикалық зерттеулер орталығына оралады. Еске сала кетейік, Олжас Құдайбергенов Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі болып 2014 жылдың қаңтарында тағайындалған еді. "Менің өз пікірім бар, әзірше Ұлттық банкте отырғаннан кейін пікірім тапсырыс бойынша жарияланатындай көрінеді. Мен оны қаламаймын. Мен өз еркімен кетемін", - деді Олжас Құдайбергенов.

"Мен Ұлттық банкке қатысы жоқ мәтіндерімді жариялау құқығымды сақтаған болатынмын, ал Ұлттық банкке қатысты мәселелерді "бетпе-бет" талқыладым. Кейінірек девальвация болды, содан соң девальвацияның жаңа толқыны туралы қауесеттер тарады, мен оларды бірінен-соң бірін жоққа шығарып отырдым. Менің тарапымнан ештеңе өзгерген жоқ - 2010-2013 жылдары мен девальвация болмайды деп, пікір білдіріп жүрдім (Марченкомен арадағы егеске қарамастан), бірақ мұндай жайт, әсіресе, өткен жылы қатты байқалды. Өткен жылдың желтоқсан айында 20 пайыздық девальвацияға жағдай туғанын айтым, бірақ ол мақаланы жазған кезде Ұлттық банкте жұмыс істеуге ұсыныс ала қоймаған едім, сондықтан қоғамның реакциясын өзіме қабылдауға тура келетінін білмедім", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

"2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін еңбек келісімшартымды ұзартпауды ұйғардым, ол туралы басшылыққа ескертіліп, өз әрекетімнің жай-жапсары түсіндірілді. Кейбір мәселелер нақтылауды қажет етпесе де, шешім қабылданды. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап, мен Макроэкономикалық зерттеулер орталығына ораламын (осы жыл ішінде зерттеулерге сұраныс алдым), сондай-ақ "тәуелсіз директор" немесе "кеңесші" сияқты ұсыныстарды қарастыруға дайынмын - мұндай қызметтер мені белгілі бір жұмыс орнына байлап қоймайды және макроэкономикалық тақырыптарды талқылауда қандай да бір міндеттемелер жүктемейді", - деді экономист.

Олжас Құдайбергенов Қазақстан экономистері қауымдастығының атқарушы директоры болып қала беретінін айтты. Оның айтуынша, келер жылдың қаңтарынан бастап, ол еліміздегі үздік ЖОО-лардың бірінде дәріс оқитын болады. "Жалпы алғанда, Ұлттық банктегі жұмысқа қарағанда, көбірек табыс табатын боламын, бірақ ешкім мені жалға алынған деп есептемейтін болады. Сонымен бірге, мен штаттан тыс кеңесші (ақы төленбейтін лауазым) болу құқығымды сақтаймын, яғни Келімбетов мырзамен тұрақты түрде кездесуге және әдеттегі қағазбастылық рәсімдерді айналып өтіп, шешімдер ұсынуға мүмкіндігім болады", - дейді Ұлттық банк басшысының кеңесшісі.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю