Qazaq Air әуе компаниясының ұшақтарына ұшуға рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air әуе компаниясының ұшақтарына ұшуға рұқсат берілді © Тұрар Қазанғапов

Qazaq Air әуе компаниясы эксплуатант куәлігіне ие болды, бұл құжат әуе тасымалдарын жүргізуге жол ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер растады.

Qazaq Air таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Ол кезде Qazaq Air компаниясының бірінші борты көрсетілді - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.  

Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында қонбай ұшырылатындар.

Айта кетейік, әуе компаниясының алғашқы ұшырылымы рұқсат беру туралы құжаттардың жоқтығынан кейінге қалған болатын. Таныстырылым кезінде Qazaq Air борттары 20 шілдеден бастап ұша бастайды деп мәлімделген еді, алайда кейін ол тамызға қалды. Әуе компаниясының тұңғыш рейсі Алматыдан Павлодарға болады деп жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети