Қазақстан банктері несиені қанша пайызбен беріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан банктері несиені қанша пайызбен беріп жатыр

Қазақстанда қыркүйекте несиелердің орташа мөлшерлемесі 27,26 пайыз болды. Бұл маусымға қарағанда 2,2 пайызға төмен. Мұндай мәліметті Ranking.kz  порталы ұсынды. Олар 3 миллион теңгеге дейін кепілсіз берілетін несиені негізге алды.

Маусыммен салыстырғанда кейбір банктер едәуір жеңілдіктер ұсынды. Жылдық пайыздық мөлшерлемені ең көп арзандатқан үштікке АТФ Банкі - 16,16 пайызға (қазіргі мөлшерлеме 17,10 пайыздан басталады), ВТБ - 14.72 пайызға (32,53 пайыз) және Казкомммерцбанк - 12,01 пайызға (қазіргі мөлшерлеме 25,64 пайыздан басталады) кірді. Жалпы алты банк несие мөлшерлемесін төмендетті.

Ал кейбір банктер керісінше пайыздарды өсірді. Мысалы, Астана Банкі пайыздық мөлшерлемені 0,20 пайызға өсірсе (қазіргі мөлшерлеме 34,90 пайыз), Еуразия банкі 10,59 пайызға көбейткен (қазіргі мөлшерлеме 48,10 пайыз).

Сонымен, қыркүйек айында ең аз мөлшерлемемен несие берген банк АТФ болып шықты (17,1 пайыз). Ең көп тиімді пайыздық мөлшерлеме Сбербанкте - 31,2 пайыздан басталады. Бұл сегментте максималды мерзім 48-ден 60 айға дейін. 5 жылдық несиені Казкомерцбанктен, АТФ банкінен және Fortebank-тен алуға болады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети