Қазақстанда депозит мөлшерлемелері көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда депозит мөлшерлемелері көтерілді © Тұрар Қазанғапов

Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап. 

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін арттырады.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети