Қазақстанда пойыз билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда пойыз билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады © diapazon.kz

Қазақстанда теміржол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда теміржол билеттері "Қазпошта" арқылы сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Қазпошта" АҚ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының барлық ауданындағы пошта бөлімшелерінде теміржол билеттерін сату жөнінде бірлескен алғашқы жобаны қолға алды.

"Енді ауыл тұрғындары қаладағы темір жол вокзалдарының кассаларына барып жатпай-ақ жақын маңдағы пошта бөлімшесінен пойызға билет сатып алу мүмкіндігіне ие болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл аяғына дейін теміржол билеттерін сатудың мұндай жаңа қызметі "Қазпоштаның" Қазақстан Республикасындағы барлық бөлімшесіне енгізілмекші.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети