"Қазкоммерцбанк" АҚ басшылығы Назарбаевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазкоммерцбанк" АҚ басшылығы Назарбаевпен кездесті © Тұрар Қазанғапов

Елбасы "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманды, басқарма төрағасы Мағжан Әуезовті және директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманды, басқарма төрағасы Мағжан Әуезовті және директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ шағын және орта бизнеске "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент біріктірілген БТА-Қазком банкінде "шуры-муры" болмайды деп мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы қазақстандық компанияларға шетелдік басшыларды тағайындаудың артықшылығын айтып берді. 5 мамырда Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы "Біз қазір банк жүйесін қалыпқа келтіріп жатырмыз. "БТА" мен "Қазкоммерцбанкті" біріктірдік, банкты құрып, басқаруға Англиядан менеджерді шақырдық. Бұл банк құрметті болады және оған сенім артылып, ешқандай "шуры-муры" болмайды деп сенемін", - деген болатын. Оған дейін Алматыда журналистермен кездескен Қазком басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов БТА Банкі шоттарының 2015 жылдың ортасына қарай Қазкомға беріле бастайтынын хабарлады.

Айта кетейік, сонымен қатар, бүгін, 22 мамырда өткен Астана экономикалық форумы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық қаржы орталығының құрылатынын, бірақ Алматының қаржы қызметінің шоғырланған орталығы болып қала беретінін айтып берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети