Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңседе жұмыс істеуден бас тартады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ірі компаниялар карантиннен кейін кеңседе жұмыс істеуден бас тартады - БАҚ © pixabay.com

Oracle, Okta және тағы басқа ірі технологиялық компаниялар кеңседегі жұмыс мәселесіне келгенде екі ойлы. Тәжірибе кеңсе қызметкерлері үйден жұмыс істегенде жақсы нәтиже көрсетінін аңғартқан. Бұл туралы Business Insider компаниясының басшылары айтқан, - деп хабарлайды vc.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Oracle, Okta және тағы басқа ірі технологиялық компаниялар кеңседегі жұмыс мәселесіне келгенде екі ойлы. Тәжірибе кеңсе қызметкерлері үйден жұмыс істегенде жақсы нәтиже көрсетінін аңғартқан. Бұл туралы Business Insider компаниясының басшылары айтқан, - деп хабарлайды vc.ru.

Нәтижесінде WeWork коворкингтеріне қарағанда икемді жаңа бизнес модель пайда болуы мүмкін. Мәселен, Oracle компаниясының негізін қалаушылардың бірі, директорлар кеңесінің басшысы Ларри Эллисон YouTube және Zoom компанияларына видеобайланыстың жоғары сапасы үшін алғыс білдірген. Компания енді жеке кездесулер жасамайтынын мәлімдеген. Oracle компаниясында 136 мыңға жуық қызметкер бар екен. 

"Егер шын мәнінде үйден жұмыс істей алатын болса, дүниежүзі бойынша үлкен кеңселер не үшін қажет? Бәлкім, сізге де барлық адамның кеңседе отырғаны қажет емес шығар? Бәлкім сізге де жылжымайтын мүлік керек емес шығар. Бәлкім оның жартысы ғана керек шығар", - дейді SAP Rimini Street компаниясының өкілі Сет Рэйвен. Оның компаниясы Лас-Вегаста орналасқан және дүниежүзі бойынша 30 кеңсе бар. 

Сет Рэйвеннің ұстанымын Okta компаниясының өкілі Тодд МакКиннон қолдаған. Компанияда 2248 қызметкер бар. Оның көбі Сан-Францискодағы бас кеңседе, қалғаны өзге елдерде орналасқан 12 кеңседе жұмыс істейді. 

"Біз кеңселердің санын ұлғайтуды жоспарлағаннбыз. Бірақ қашықтан жұмыс істеу керісінше шаршы метрлердің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін", - деді МакКиннон. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети