04 ақпан 2014 | 19:21

"Рахат" компаниясының жылдық кірісі 24%-ға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Рахат" АҚ фирмалық дүкені.©Нұрғиса Елеубеков "Рахат" АҚ фирмалық дүкені.©Нұрғиса Елеубеков

"Рахат" АҚ-ның 2013 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі қаржылық есебі бойынша компанияның таза пайдасы бір жыл ішінде 24,1%-ға ортайған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компанияның жиынтық пайдасы осы мезгіл ішінде 1,3 млрд теңге болды. Ал алдыңғы жылы "Рахаттың" кірісі 1,75 млрд теңгеге жеткен еді. "Private Asset Management" АҚ талдау департаментінің директоры Дамир Сейсебаевтың айтуынша, пайданың төмендеп кетуі, негізінен, тұтынылған қызмет түрлері мен сатып алынған тауарлардың өзіндік құнының 1,7 млрд теңгеге немесе 8,3%-ға өсуімен байланысты. Пайданың азаюына операциялық шығыстардың артуы да себеп болған. "Финам Менеджмент" басқару компаниясының талдаушысы Максим Клягин "Рахат" АҚ-ның өткен жылдағы табыстылығына бәсекелестіктің дамуы жағдайында сауда-саттық қарқынының төмен болуы кері әсер еткенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, сауда-саттық деңгейінің бәсең болуы өндірістің өзіндік құнының күрт артуына және дистрибуция шығындарының өсуіне ықпал етеді. "Өнімнің өзіндік құнына шикізат бағасының артуы, сондай-ақ, өндірісті оңтайландыру сияқты процестермен байланысты қосымша шығындардың ықпал етуі сөзсіз. Өндіріс шығынының артуы логистика мен дистрибуция жүйесін жаңарту туралы ойға жетелейді. Егер әңгіме тек жағымды процестер туралы болса, онда орташа мерзімді кезең ішінде бұл процестер оң нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде сауда-саттық қарқынын арттырып, табысты ұлғайтуға септігін тигізеді", - дейді сарапшы. Клягиннің айтуынша, компанияға жаңа акционерлердің келуі мен қаржылық көрсеткіштердің құлдырауы арасында байланыс жоқ. "Тиімді инвестор, керісінше, бизнес нәтижесінің жақсаруына және капиталдың артуына мүдделі болады, "Рахат" АҚ да кейбір көрсеткіштер бойынша модернизация мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолында келеді", - деді ол.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети