27 қаңтар 2014 18:25

"Рахат" кондитерлік фабрикасы бүкіл акциясын сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Рахат" кондитерлік фабрикасы. almateka.org сайтынан алынған фото "Рахат" кондитерлік фабрикасы. almateka.org сайтынан алынған фото

Оңтүстік Кореяның Lotte Confectionery компаниясы "Рахаттың" бүкіл акциясын сатып алып, рахатқа бөленіп жатса керек. Қор нарығындағы сауда-саттық жайындағы бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысы Ерлен Бадыханмен хабарласып, анықтады. Естеріңізге сала кетейік, корейлік компаняи "Рахаттың" 76,25 пайызы құнды қағазын осыдан біраз уақыт бұрын сатып алған болатын. Ал қалған 23,75 пайыз акциясын сатып алуға өткен жылдың аяқ шенінде, яғни акция Қазақстан қор (KASE) биржасында саудаланғаннан кейін ниет білдірген екен. Сонымен, "Рахат" АҚ-ның акцияларына қатысты келісім-шарттар бас-аяғы 2013 жылдың 23 желтоқсан айы мен 2014 жылдың 15 қаңтар аралығында жүзеге асқан. Ерлен Бадыханның сөзіне қарағанда, "Рахаттың" миноритарларға тиесілі (компанияның басқаруына құқығы жоқ акционерлер) барлық 855 мың 133 акциясы да енді Lotte Confectionery иелігінде. Бастыпқыда құны екі мың теңгені құраған акцияға ешбір инвестор қызығушылық танытпаса керек. Алайда "Рахатты" корейлер сатып алмақшы" деген ақпараттан кейін акция құны 6700 теңгеге көтеріліпті. Сарапшылардың ойынша, Lotte Confectionery компаниясының "Рахаттың" барлық акциясын меншіктеп алуының себебі, құнды қағаздарды қор биржасынан мүлде шығарып тастау. Делистинг арқылы "Рахаттың" қазіргі қожайындары қазақстандық тауар өндіруші компанияның беделін арттырып, болашаққа үлкен жоспар құрған сыңайлы. Ерлен Бадыханның сөзіне сенсек, кондитерлік компания өнімдерінің көлемі еш азаймайды. "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко болса "корейлік Lotte әлемдік нарықта кең құлаш жаймақшы. Олардың "Рахатты" сатып алулары алғашқы қадамдары ғана. Болашақта Ресей, Қытай Индия нарығын экспансиялаулары әбден мүмкін. Lotte енді активтерін тиімді пайдаланып, өздеріне ыңғайлы жақты қарастыру мақсатымен KASE-мен өзінің еншілес мекемесін де "басыбайлы" етпекші" дейді. "Рахат" үшін бұл оқиға үлкен іс алдындағы дайындық ісептті. Өйткені Lotte-нің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорынды жедел дамыту. "Рахатта" жұмыс істейтіндерді үлкен сын күтіп тұр деген сөз. Әрине, "Рахатты" әлемдік нарық мойындап жатса жаман емес. Оның үстіне мұндай жағдайда компанияға білікті-білімді мамандардың көбірек тартылатыны сөзсіз" деген пікірін де қоса айтты сарапшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети