"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамында кадрлық өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа құрылымға сәйкес, қордағы топ-менеджерлердің саны 2 есеге қысқарды.
"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамында кадрлық өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа құрылымға сәйкес, қордағы топ-менеджерлердің саны 2 есеге қысқарды.
"Жаңа ұйымдастырушылық құрылымда басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқарды. Осыған байланысты Қор басшысының орынбасары Дәурен Ердебайбұл лауазымды қызмет атқаруды тоқтатты", - делінген хабарламада.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Балжит Каур басқарушы директор болып тағайындалды. Ол Қордың стратегиясы және портфельдік инвестицияларын жауапты болады.
"Балжит Каур Азия Даму Банкі Ұлттық Қорының Даму бағдарламалары жөніндегі аға кеңесшісі, Kuwait Investment Authority басқарушы директоры, кейін келе вице-төрайымы, ABN AMRO Bank, Maybank Malaysia және Deutsche Bank вице-президенті қызметтерін абыроймен атқарған. Бұл банктер мен қаржылық компаниялардағы жоғары басқарушылық халықаралық тәжірибесі 14 жыл. Ол осыған дейін ұлттық әл-ауқат қорларының жоспарлау және стратегияларын, портфельді әртараптандыру мен дағдарысты еңсеру жоспарларын жүзеге асыру, экономикалық өсім стратегияларын, даму стратегияларын басқару мен іске асыру, трансформация, инвестициялар, мұнай мен газ, инфрақұрылымдар, энергетика, жылжымайтын мүлік салаларындағы исламдық қаржыландыру бағыттарын жауапты болған", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" өкілдері.
Сонымен қатар, жаңа ұйымдастырушылық құрылым аясында:
- Елена Бахмутова қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Бұған дейін ол Қордың басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. "Самұрық-Қазына" Қорына дейін ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарған;
- Берік Бейсенғалиев активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Осыған дейін ол Қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры қызметін атқарып, инвестициялық қызмет, корпоративтік қаржы, қаржы активтерін басқару мен қазынашылық мәселелерін жауаптанып келді. "Самұрық-Қазына" Қорына қызмет ауыстырғанға дейін "АТФБанк" АҚ басқарушы директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Astana Capital Investment Group" инвестициялық компаниясының бас директоры, "КазАгро" холдингінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған;
- Адамас Илькявичюс трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директор қызметіне ауыстырылды. Бұрын ол бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор қызметін атқарған. Ол 17 жыл халықаралық компанияларды еңбек етіп, ондағы трансформация бастамаларын, модельдеу, реинжиниринг пен қызмет тиімділігін арттыру салаларын жауапты болған;
- Дархан Кәлетаев Үкіметпен өзара іс-қимыл және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бұған дейін ол жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқарушы директор болып еңбек етті. 2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, 2008-2009 жылдары - "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған;
- Ұлан Тәжібаев адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бұған дейін Қордың аппарат басшысы болып еңбек еткен. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ(Халықаралық қатынастар мен құқық) түлегі, MBA Instituto de Empresa (Испания) Executive мәртебесін алған;
- Ержан Тұтқышев жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең-басқарушы директор болып тағайындалды. Бүгінге дейін ол бизнесті дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары болатын. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Астана-финанс" АҚ, PricewaterhouseCoopers компанияларында, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС табысты еңбек еткен.