26 ақпан 2014 | 19:21

"Самұрық-Қазына" биыл Түркия мен Қырғызстандағы отельдерін сатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото - Марат Абилов© Фото - Марат Абилов©

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында салалық емес активтері мен нысандарын есептен шығару бағытындағы жұмыс жайлы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз қордың салалық емес активтері мен еншілес ұйым нысандарын есептен шығаруды жалғастырып жатырмыз. 2013 жылдың соңында осындай 713 актив пен нысанның 482-і қор құрамынан шығарылған, оның 405-і нарыққа өткізілген, 19-ы жойылған, 55-і жергілікті атқарушы органдар еншісіне берілген, қайта құрылымдалғаны - 3" деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" кеңесінің кеңейтілген жиынында қордың басқарушы директоры Нұрлан Рахметов. Мәселен, оның айтуынша, нарыққа өткізілгендердің жалпы сомасы 7,9 миллиард теңгені құрайды. Олардың арасында Астанадағы медициналық орталық, Алматыдағы демалыс кешендері, балабақшалар, ойын-сауық отаулары, 355 пәтер, кеңселер бар. Ал жергілікті атқарушы билікке тапсырылғанының жалпы сомасы - 54,9 миллиард доллар. Онда Астананың оқушылар сарайы, қонақүй кешендері, сауықтыру кешендері, мектептер мен басқа нысандар да қамтылған. "Астанадағы "Думан" қонақүйі, Түркия мен Қырғызстандағы отелдер, "Лебяжье" аңшылық шаруашылығы, Үлбі металлургиялық зауытының мәдениет сарайы, Тауке ауылындағы ойын-сауық отауы және тағы басқалары енетін 20 актив пен нысандар бойынша бірнеше рет бәйге жарияланған. Оларға сұраныс болмағандықтан аукцион өтпеді деп танылды. Біз оларды үстіміздегі жылы сатып жіберуге тырысамыз. Жалпылай алғанда, алдағы екі жыл барысында 30 актив пен 45 нысан қайта құрылымдалатын болады. Бұл жұмысты тәмамдау компанияларды салалық емес қордан арылтып, салалық қызметке бағытталуына мүмкіндік береді" деді Рахметов. Сондай-ақ ол Елбасының тапсырмасы бойынша "Самұрық-Қазына" екінші деңгейдегі банктер капиталы құрамынан шығу жұмысын жалғастыратындықтарын айтты. "Қазіргі уақытта БТА банкі, Темірбанкі және Альянс банкі акцияларын сатуға арналған барлық трансакциялық құжаттарға қол қойылған. Сол секілді бес даму институтының 100 пайыздық акция пакеттері республика меншігіне беріледі, содан соң ол "Бәйтерек" қорына өткізіледі.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети